Қоғам

Жастар мемлекеттің басқару тізгінін қолға алуға дайын болу керек – Тоқаев

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял участие во встрече с победителями проекта "100 новых лиц Казахстана"
Касым-Жомарт Токаев принял участие во встрече с победителями проекта 100 новых лиц Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы жыл сайын өтетін жобаның финалистерін құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздарымен кездесті.

Мемлекет басшысы "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздарын құттықтап, олардың өз дарынымен көпшілікті мойындата білгенін, мемлекетімізді өркендетуге айырықша үлес қосып келе жатқанын айтты, деп хабарлады Ақорда.

"Қазақтың қандай халық екенін жер жүзіне танытып жүрген бірнеше азамат осы жобаның жеңімпазы атанды. Біз түрлі салада жетістікке жеткен осындай отандастарымыздың еңбегін дәріптеуіміз керек. Өйткені табысты жандардың тәжірибесі әрдайым басқаларға үлгі-өнеге. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді, ұқсауға тырысады. Мен еліміздің әрбір перзенті сіздер сияқты өнегелі болсын деп тілеймін", - деді президент.

Ол осы уақытқа дейін 75 мың адам қатысқан жобаның жеңімпаздарының алдында гүлденген, әділ, прогрессивті Қазақстанды құру міндеті тұрғанын атап өтті.

Осы жобаның арқасында өзінің ерекше емдеу тәсілімен көптеген адамға перзент сүю бақытын сыйлаған дәрігер-репродуктолог Айдос Ибрагимовты бүкіл еліміз таныды.

© Официальный сайт Президента Казахстана Президент "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздарымен видеобайланыс арқылы сөйлесті
Жастар мемлекеттің басқару тізгінін қолға алуға дайын болу керек – Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Президент "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздарымен видеобайланыс арқылы сөйлесті

"Жобаның 2019 жылғы қатысушысы Иманбек Зейкенов жақында ғана "Grammy" сыйлығын жеңіп алып, оның аты бүкіл әлемге жайылды. Оның жетістігі тек Қазақстан үшін ғана емес, ТМД үшін де теңдесіз жеңіс. Жобаның төртінші маусым жеңімпаздарының жетістіктері де ешкімді бей-жай қалдырмайды. Шектеу шаралары мен пандемияға қарамастан 2 790 адам жобаға қатысты", - деді мемлекет басшысы.

Оның сөзінше, биыл финалға шыққандардың арасында дәрігер, мұғалім мен волонтерлер көп.

© Официальный сайт Президента Казахстана"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздары
Жастар мемлекеттің басқару тізгінін қолға алуға дайын болу керек – Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздары

"Осынау керемет жоба сіздерді одан әрі дамуға ерекше талпындырып, қоғам мен ел игілігі үшін жаңа идеяларды іске асырудың кең көкжиектерін ашты деп сенемін. Еліміз өзінің дарынды жастарының көптігімен мақтана алады және мақтануға тиіс. Қазақстанның болашағы сіздердей прогрессивті, талантты, патриот жастардың қолында. Сіздер мемлекеттің басқару тізгінін қолға алуға дайын болуларыңыз керек. Ал біз, яғни аға толқын, осы айтқан сөзіміздің шындыққа айналуы үшін барлығын жасаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол сондай-ақ мемлекеттің шығармашылыққа, білім мен ғылымға, жастарды қолдауға баса назар аударып отырғанын айтты. Қолда бар мүмкіндікті ел мәдениетін әлемге танытудың жолы ретінде қарастыру қажет екенін жеткізді.

"Сондықтан мен Үкіметке осы стратегиялық маңызды саланы қолдау үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым", - деді президент.

© Официальный сайт Президента Казахстана"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздары шара соңында фотоға түсті
Жастар мемлекеттің басқару тізгінін қолға алуға дайын болу керек – Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздары шара соңында фотоға түсті

Мемлекет басшысының пікірінше, креативті индустрияны дамытудың тиімді бір тәсілі ретінде заманауи қазақстандық айдентиканы қалыптастыру қажет.

Жоба қатысушыларының идеясы мен ұсыныстарын іске асыру үшін оларды орталық мемлекеттік орган басшыларымен жүйелі түрде кездестіріп тұру қажет.

Онлайн форматта өткен "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы жеңімпаздарының кездесуінде ерікті-студент Дарын Әбілжанов, ғалым, адамдар мен жануарларға вакцина әзірлеуші Қайсар Табынов, ІТ-маман, робот техникасы мектебінің негізін қалаушы Дамир Нүркежанов, химия пәнінің жас оқытушысы Ұлан Үсенов, сызу пәнінің мұғалімі, өз ауылында көпір салу бастамасын көтерген Ахат Рақышев, инженер-өнертапқыш Санжар Тайжан, АҚШ-тың хоккей клубына бас бапкер болған тұңғыш қазақстандық қыз Бұлбұл Қартанбай, эколог Екатерина Вибе, сондай-ақ ақын, әлем әдебиетін қазақ тіліне аударып жүрген Серікжан Қажытай сөз сөйледі.

Жаңалықтар
0