Өңірлер

Құрбысының ұлына шындықты айтқан ақмолалық әйел жауапқа тартылды

CC0 / / Женщина и ребенок
Женщина и ребенок - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Жазылу
Әйел адам танысымен жанжалдасып қалған соң, құрбысының ұлына ата-анасы оны асырап алғанын айтып қойған

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Ақмола облысының тұрғынына қатысты бала асырап алу құпиясын жария етуге байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ол құрбысымен сөзге келіп қалған соң оның баласына асырап алынғанын айтып қойған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқиғаның қалай болғанын Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі айтып берді.

Бірнеше жыл бұрын отбасы ресми түрде бала асырап алып, бұл құпияны сақтау үшін басқа жаққа көшіп кеткен. Алайда жаңа қоныста да баланың асырап алынғаны жария болып қалды. Осыған байланысты баланың ата-анасы полицияға шағымданған.

"Тексеру барысында полиция қызметкерлері бала асырап алу туралы мәліметті жария етуге күдіктіні анықтады. Ол 41 жастағы жергілікті тұрғын екені белгілі болды. 18 сәуірде ол әйел жәбірленушімен дауласып қалған соң бұл құпияны асырап алған балаға айтып берген. Ол өз кінәсін мойындады", – делінген ведомство хабарламасында.

Осы афкті бойынша Қылмыстық кодекстің 138-бабы (бала асырап алу құпиясын жария ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мұндай қылмыс үшін айыпталушыға белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығын үш жылға дейінгі мерзімге шектеу көзделеді немесе 200 АЕК (538 400 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Сол сияқты осы мөлшерде түзеу жұмыстары мен 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, яки 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы тағайындалады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бала асырап алу үшін не істеу керек?

Айта кетейік, күдіктінің тергеу процесіне келуі туралы процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылды.

Жаңалықтар
0