Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жылу беру қашан тоқтатылатыны белгілі болды

© Photo : CC0 / 12019Кошка
Кошка - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Салыстыру үшін айта кетсек, өткен жылы елордада жылу беру маусымы 21 сәуірде аяқталған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстан астанасында жылу беру маусымы 29 сәуірде аяқталады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Иә, ертеңнен бастап олар жылу беру тоқтатылады", – деді әкімдік өкілі.

Бұған дейін жылу беру маусымын тоқтату үшін ауаның орташа тәуліктік температурасы соңғы бес тәулікте +10 градустан жоғары деңгейде сақталу қажеттігі хабарланған.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда алдыңғы жылу маусымы 2019 жылдың 30 қыркүйегінде басталып, 2020 жылдың 21 сәуіріне дейін жалғасқан.

Оқи отырыңыз: Екі есе ақыны не үшін төлейміз: елорда тұрғындары жылу бағасына наразылық білдірді

Жаңалықтар
0