18:28 24 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
41 0 0

Астаналықтар желтоқсан айындағы аязды күндерде күшейтілген жылу үшін ақы төлегенімен, олардың көбі тиісті жылуды сезінбегенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан тұрғындары түбіртекте жылуға келген бағаға шағымдануда. Кейбірінің сөзіне қарағанда, жылумен жабдықтау қызметі үшін квитанцияда екі есе қымбат сома көрсетілген.

Тұрғындар "Астанаэнергосбыт" компаниясының сайты мен әлеуметтік желідегі парақшада шағымданған пікірлер қалдыруда.

"Желтоқсан айындағы квитанцияларда жылу энергиясы үшін ақы неге сонша көп?", "Жылу мен электр энергиясы үшін тиісті сома өткен айдағыдан екі есе қымбат болуына не себеп?", – деп жазады астаналықтар.

Кейбір тұрғындарға жылу бағасы есептеу құралы бойынша келсе, енді біріне тұрғын үйдің шаршы метрімен есептелген.

"Бұл есептеу құралдарының көрсеткішін жолдамаған ПИК-тің кінәсі дейді. Ал ПИК барлық көрсеткішті жолдадық деп отыр. Сонда бұған кім жауап береді? Желтоқсанда 2 600 теңге төлегенбіз, енді қаңтарда 6 000 теңге шығыпты. Тарифті қымбаттату бойынша жоспар болса да, енді ол 50%-ке емес шығар" – дейді Әлия Дошанова.

Сонымен қатар, тұрғындар кейбір үйлерде толыққанды жылу жоқ екенін айтады.

"Менің сіңілім "Нұрсая" тұрғын үй кешенінде тұрады. Пәтерде 15 градус қана жылы. Олар жылы киініп, кішкентай балалардың бөлмесіне жылытқыш қоюға мәжүр", – деп жазды желі пайдаланушысы Динара Қорғанбаева.

Әкімдік ресми ақпарат таратты

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Нұр-Сұлтанда жылу беру тарифтері қымбаттаған жоқ, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігіне табиғи монополияларды реттеу комитетінің елорда бойынша департаменті.

"2021 жылғы қаңтарда желтоқсан айындағы жылу тұтыну үшін жоғары баға көрсетілген квитанциялар бойынша шағымдар әлеуметтік желілерде таралуда. Осыған байланысты табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті "Астанаэнергосбыт" ЖШС үшін 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылумен жабдықтау қызметі бағасын қымбаттатусыз тарифтер белгіленгенін хабарлаймыз", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Халыққа арналған 2021 жылғы тариф өткен жылғы деңгейде қалды:

  • есептеу құралы бар тұрғындар үшін – ҚҚС есебімен 2 432 теңге/Гкал;
  • есептеу құралы жоқ тұрғындар үшін – ҚҚС есебімен 2 925,56 теңге/Гкал;
  • ескі үйлерде тұратын азаматтар үшін – ҚҚС есебімен 2 437,97 теңге/Гкал.

Желтоқсандағы аяз

Үйлерінде есептеу құралы жоқ тұтынушылар үшін жылу ақысы сыртқы ауаның нақты температурасының есебімен өзгертілген болуы мүмкін.

2019 жылдың желтоқсанында сыртқы ауаның нақты температурасы минус 7,7 градус болды.

2020 жылдың қарашасында – минус 6,2 градус, ал 2020 жылдың желтоқсанында – минус 15,7 градус, деп хабарлады департамент мамандары.

Оқи отырыңыз: Қай қала тұрғындары жылу үшін ең көп ақша төлейді

Елордада жылу тұтыну 2019 жылдың желтоқсанында 953 000 Гкал, 2020 жылдың қарашасында 912 000 Гкал және 2020 жылдың желтоқсанында 1 263 600 Гкалды құрады.

"Осылайша, сырттағы ауа температурасының төмендеуіне байланысты 2020 жылдың желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласындағы жылумен жабдықтау қызметін тұтыну көлемі ұлғайған. Бұл 2021 жылдың қаңтарында жіберілген квитанцияларда көрсетіліп тұр", – деді ведомство өкілдері.

Қайда шағымдану керек

Жылумен жабдықтау қызметінің тарифін заңсыз қамбаттату фактілері анықталған жағдайда электронды үкімет порталы арқылы немесе Петров көшесі, 5 мекенжайына келу арқылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ТМРКД шағымдануға болады. Байланыс телефоны: (7172) 56-81-33.

Тақырып бойынша

Ералы Тоғжанов: Маңғыстауда жылу мен жарық тағы арзандайды
Алматының жылу электр орталықтары түгел газға көшіріледі
Көкшетауда жылу беруші кәсіпорын халықтың есебінен заңсыз пайда тапқан
Алматының қақ ортасында жылу құбыры жарылды: төрт адам күйіп қалды - видео
Елордалық жылу электр орталықтары ішінара газбен жұмыс істей бастады
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жылу беру маусымы, жылу
Загрузка...

Басты тақырып