Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден төленеді

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге, монета
Ақша, теңге, монета - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Елорда әкімдігі осы жылы барлығы төрт мыңға жуық адамға 195 миллион теңгеден астам төлем төлеуді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі Жеңіс күніне орай ардагерлерге қанша теңге біржолғы төлем төленетінін айтты.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, елордада 25 ҰОС ардагері тұрады. Оларға биыл 9 мамырға орай 1 миллион теңге төленеді.

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер 102 095 теңге (35 АЕК) алады.

Бұл санатқа ҰОС кезінде қызмет еткен әскери қызметкерлер; фашистік Германияға қарсы соғыс қимылдарына қатысқан адамдар; Ленинград қаласындағы блокада кезінде жұмыс істеген азаматтар; концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар; әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты балалары жатады. Барлығы –  415 адам.

Тағы оқыңыз: Биыл Чернобыль ардагерлеріне 540 миллион теңге жәрдемақы төленеді

Сонымен қатар, тыл ардагерлері, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің әйелі, еңбек ардагерлеріне 32 087 теңге (11 АЕК) беріледі.

Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 708 адамға 58 340 теңге (20 АЕК) төленеді.

Нұр-Сұлтан әкімдігі осы жылы барлығы 3 843 адамға 195 159 583 теңге төлеу жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
0