Экономика

Биыл Чернобыль ардагерлеріне 540 миллион теңге жәрдемақы төленеді

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты купюры
Деньги, тенге монеты купюры  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
Әлеуметтік көмектің мөлшері қазына мүмкіндігіне қарай жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әрбір өңірде жеке белгіленеді

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. 2021 жылы Қазақстанда Чернобыль ардагерлері жалпы сомасы 540,7 миллион теңгеге біржолғы төлем алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Жыл сайын 26 сәуірде Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы апат құрбандарын еске алудың халықаралық күні аталып өтеді. Апат салдарын жоюға 32 мыңға жуық қазақстандық қатысты. Бұл адамдар ардагер ретінде танылды және әртүрлі әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі.

Жыл сайын жергілікті атқарушы органдар Чернобыль апатының құрбандарын еске алу күніне (26 сәуір) немесе басқа күндерге (9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне) орай әлеуметтік көмек көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Депутаттар 85 мың адамның зейнет жасын төмендетуді ұсынды 

2021 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6 055 Чернобыль ардагеріне 5 АЕК-тен (14 585 теңге) 70 АЕК-ке дейін (204 190 теңге) 540,7 миллион теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсету көзделген.

Әлеуметтік көмектің мөлшері қазына мүмкіндігіне қарай жергілікті өкілетті органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша әрбір өңірде жеке белгіленеді.

Мәселен төмендегі өңірлерде Чернобыль ардагерлері біржолғы көмек алады:

  • 2021 жылдың 26 сәуіріне орай – Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар (ішінара), Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында;
  • 2021 жылдың 9 мамырына – Ақтөбе, Маңғыстау және Павлодар облыстарында және Алматы қаласында.

Қостанай облысында Чернобыль ардагерлеріне (74 адам) ай сайын 3 АЕК (2021 жылы – 8 751теңге) мөлшерінде көмек көрсетіледі.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлерге өзге әлеуметтік төлемдерге қарамастан төленеді. Жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға 6,19 айлық есептік көрсеткіш (2021 жылы – 18 056 теңге), жеңілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдарға  7,55 АЕК (2021 жылы – 22 024 теңге) көлемінде жәрдемақы қарастырылған.

 "Ардагерлер туралы" заңды қабылдау барысында 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысушылар үшін әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілгенін атап өткен жөн. Ардагерлердің осы санаты үшін жәндемақы мөлшері 2,13 АЕК-тен 4,8 АЕК-ке дейін (2021 жылы- 14 002 теңге) арттырылды.

Чернобыль АЭС-дегі апаттың салдарынан мүгедек болып қалған адамдарға жәрдемақымен қатар, күнкөріс деңгейі мен мүгедектік тобына, себебіне қарай мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне байланысты өсетін ең төменгі күнкөріс деңгейі аясында көтеріліп отырады.

 

Жаңалықтар
0