Қоғам

Ақтөбеде ерлі-зайыпты жол апатынан көз жұмды

CC0 / Free-Photos / Отбасы, архивтегі сурет
Отбасы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Ерлі-зайыптыны қағып кеткен жүргізуші небәрі 19 жаста, көлік жүргізу куәлігін өткен жылдың соңында алған

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде жас жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде ерлі-зайыптыны қағып кетті. Салдарынан екеуі де мерт болды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 25 сәуір сағат 21:10-да болды.

"19 жастағы "Hyundai Solaris" маркалы көлік жүргізушісі Арынов көшесі бойымен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде ерлі-зайыптыға жол бермей, оларды қағып кетті", - делінген хабарламада.

Салдарынан 27 жастағы келіншек оқиға орнында қаза болды, ал 29 жастағы жолдасы жансақтау бөліміне жеткізілді, алайда келесі күні көз жұмды.

Полицияның ақпаратынша, жүргізуші көлік басқару куәлігін 2020 жылдың соңында алған.

Тағы оқыңыз: Сиырларды қағып кеткен: Алматы облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстановтың айтуынша, мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жүргізуші мен жаяу жүргінші қарапайым жол ережелерін сақтауы қажет.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында жаяу жүргіншілер өткелінде 12 жол апаты болған. Онда екі жаяу жүргінші қаза болып, 13 адам жарақат алды.

Жаңалықтар
0