Өңірлер

Көкшетауда қонағын ұрып өлтірген дәмхана иесіне сот үкімі шықты

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2021
Жазылу
Көкшетауда кафе иесі қонағын өлтіргені үшін сегіз жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір - Sputnik. Көкшетауда ер адамды соққыға жыққан кафе иесіне қатысты сот үкімі шықты. Ол сегіз жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі Ақмола облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге салсақ, қайғылы оқиға "Арена" дәмханасында орын алған. Келуші мен дәмхана қызметкерлері арасында жанжал шыққан. Кейін дәмхана иесі келушіні қоймаға апарып соққыға жыққан. Нәтижесінде жәбірленуші азамат алған дене жарақаттарынан көз жұмады.

2021 жылдың 22 сәуірінде Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының үкімімен ер адам қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі "абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Оқи отырыңыз: Қызын төркініне алып кету үшін күйеуімен жолыққан әйелдің мәйіті табылды

Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Зардап шегуші марқұмның пайдасына сотталған адамнан моральдық шығынның өтемі ретінде бес миллион теңге, материалдық залал – бір жарым миллион теңге өндіріліп алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0