Жалпы исламның мұсылман баласы үшін айқындалған бес шартының бірі – Рамазан айында ораза ұстау. Бұл айрықша айда әлемдегі барша мұсылман тәні мен жанын нәпсіден тазартып, мейлінше жақсы амалдар жасап, сауап алуға тырысады.
Күн көкжиекке батып, қызыл шұғыласы көзден таса болған шақта ауыз ашады. Әр аймақта күннің батуы мен намаз уақыты әртүрлі болатындықтан, ауыз ашу уақыты да әр өңір үшін өзгеше болады.
Оқи отырыңыз: Рамазан-2021: Нұр-Сұлтанда ауызашар қоржындары таратылып жатыр - видео
Дәстүр бойынша су немесе құрмамен ауыз ашады және дастарханға дінмен тыйым салынбаған ас-ауқат қойылады.
Қазақстандағы діндар адамдар биыл мешітте дұға оқи алады. Алайда коронавирусқа байланысты жұма және жамағатпен оқылатын намазға рұқсат жоқ.
Елдегі мешіттерде мұқтаж жандар үшін ауызашарға азық-түлік жеткізу ұйымдастырылды. Бұл діни шара басқа елдерде қалай ұйымдастырылғанын суреттер топтамасынан көріңіз.