Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Қасиетті Рамазан: әлем елдеріндегі мұсылмандар ауызашарға не жейді – фото

Жазылу
Барша мұсылман үшін қасиетті ай саналатын Рамазан да бел ортасына жақындап қалды. Бұл айда діндар жандар күндізгі уақытта ас-судан бас тартады

Жалпы исламның мұсылман баласы үшін айқындалған бес шартының бірі – Рамазан айында ораза ұстау. Бұл айрықша айда әлемдегі барша мұсылман тәні мен жанын нәпсіден тазартып, мейлінше жақсы амалдар жасап, сауап алуға тырысады.

Күн көкжиекке батып, қызыл шұғыласы көзден таса болған шақта ауыз ашады. Әр аймақта күннің батуы мен намаз уақыты әртүрлі болатындықтан, ауыз ашу уақыты да әр өңір үшін өзгеше болады.

Оқи отырыңыз: Рамазан-2021: Нұр-Сұлтанда ауызашар қоржындары таратылып жатыр - видео

Дәстүр бойынша су немесе құрмамен ауыз ашады және дастарханға дінмен тыйым салынбаған ас-ауқат қойылады.

Қазақстандағы діндар адамдар биыл мешітте дұға оқи алады. Алайда коронавирусқа байланысты жұма және жамағатпен оқылатын намазға рұқсат жоқ.

Елдегі мешіттерде мұқтаж жандар үшін ауызашарға азық-түлік жеткізу ұйымдастырылды. Бұл діни шара басқа елдерде қалай ұйымдастырылғанын суреттер топтамасынан көріңіз.

© REUTERS / Alaa Al-MarjaniҚазақстанда секілді Иракта да мұқтаждар үшін мешіт жанына тегін ауызашар ұйымдастырылды.
Иракские мусульмане во время ифтара в Ан-Наджафе - Sputnik Қазақстан
1/12
Қазақстанда секілді Иракта да мұқтаждар үшін мешіт жанына тегін ауызашар ұйымдастырылды.
© REUTERS / Alaa Al-MarjaniИрактың Ан-Наджаф қаласында діндарлар күн батқаннан кейін дастархан басына жиналып, бірге дұға жасайды.
Иракские мусульмане во время ифтара в Ан-Наджафе - Sputnik Қазақстан
2/12
Ирактың Ан-Наджаф қаласында діндарлар күн батқаннан кейін дастархан басына жиналып, бірге дұға жасайды.
© AFP 2024 / Hazem BaderПалестинаның Хеврон қаласында көшедегі сатушы Рамазан айына арнайы фалафель қуырып жатыр. Фалафель – Таяу Шығыста кең таралған ас. Ол сонау Мысырдан бастау алады. Бұл тағам бұршақ тұқымдас дақылдарды дәмдеуіш араластыру арқылы ыстық майда қуыру әдісімен әзірленеді. Ауыз бекіткендер мен вегетериандар арасында сұранысқа ие.
Палестинец во время жарки фалафель в Хеброне - Sputnik Қазақстан
3/12
Палестинаның Хеврон қаласында көшедегі сатушы Рамазан айына арнайы фалафель қуырып жатыр. Фалафель – Таяу Шығыста кең таралған ас. Ол сонау Мысырдан бастау алады. Бұл тағам бұршақ тұқымдас дақылдарды дәмдеуіш араластыру арқылы ыстық майда қуыру әдісімен әзірленеді. Ауыз бекіткендер мен вегетериандар арасында сұранысқа ие.
© REUTERS / Lim Huey TengКоронавирус пандемиясы мұсылмандарға Рамазан айында ауыз бекітуге кедергі бола алмады. Суретте: Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы Тәуелсіздік алаңында ауыз ашып отырған бойжеткендер.
Мусульмане во время ифтара в Малайзии  - Sputnik Қазақстан
4/12
Коронавирус пандемиясы мұсылмандарға Рамазан айында ауыз бекітуге кедергі бола алмады. Суретте: Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы Тәуелсіздік алаңында ауыз ашып отырған бойжеткендер.
© REUTERS / Akhtar SoomroКөпшілікке тарату үшін күріш пен жеміс салынған ыдыстар. Ауызашар дастарханына міндетті түрде су, құрма, күріш пен жеміс кіреді. Карачи қаласы, Пәкістан.
Приготовленные рис и фрукты для раздачи людям во время ифтара в Карачи  - Sputnik Қазақстан
5/12
Көпшілікке тарату үшін күріш пен жеміс салынған ыдыстар. Ауызашар дастарханына міндетті түрде су, құрма, күріш пен жеміс кіреді. Карачи қаласы, Пәкістан.
© REUTERS / Hayam AdelМысырдың Бени-Суеф қаласының тұрғыны өз үйінің жанында ауызашар ұйымдастыру үшін ұлттық нанды көтеріп келе жатыр.
Верующая с хлебом на голове во время Рамадана в Египте  - Sputnik Қазақстан
6/12
Мысырдың Бени-Суеф қаласының тұрғыны өз үйінің жанында ауызашар ұйымдастыру үшін ұлттық нанды көтеріп келе жатыр.
© AP Photo / Manish SwarupҮндістанның Нью-Дели қаласындағы Джама мешітінің қызметкерлері ауызашар дастарханын әзірлеп жатыр.
Приготовление закусок для ифтара в Индии  - Sputnik Қазақстан
7/12
Үндістанның Нью-Дели қаласындағы Джама мешітінің қызметкерлері ауызашар дастарханын әзірлеп жатыр.
© AP Photo / Farah Abdi WarsamehСомалидың астанасы Могадишодағы Дарусалам ауданында лагерьдегі отбасын тамақтандыру үшін әйел ауызашарға құймақ әзірлеп жатыр.
Сомалийская женщина во время приготовления блинов в Могадишо  - Sputnik Қазақстан
8/12
Сомалидың астанасы Могадишодағы Дарусалам ауданында лагерьдегі отбасын тамақтандыру үшін әйел ауызашарға құймақ әзірлеп жатыр.
© REUTERS / Mohammed SalemГаза секторының орталық бөлігіндегі Дейр-эль-Балах қаласында әйел Рамазан кезіндегі дәстүрлі тәтті тағам әзірлеп жатыр.
Женщина готовит традиционные сладости в Газе  - Sputnik Қазақстан
9/12
Газа секторының орталық бөлігіндегі Дейр-эль-Балах қаласында әйел Рамазан кезіндегі дәстүрлі тәтті тағам әзірлеп жатыр.
© AP Photo / Fadel DawoodМысырлық әйел Бахни қаласының жанында апатқа ұшыраған пойыз маңын күзетіп тұрған әскерилерге ас беріп жатыр.
Женщина принесла еду для ифтара для служб безопасности в Египте  - Sputnik Қазақстан
10/12
Мысырлық әйел Бахни қаласының жанында апатқа ұшыраған пойыз маңын күзетіп тұрған әскерилерге ас беріп жатыр.
© REUTERS / Khaled AbdullahСанадағы дәмханалардың біріндегі йемендік аспаз ауызашарға арнап самса дайындап жатыр.
Мужчина во время жарки самсы в Йемене  - Sputnik Қазақстан
11/12
Санадағы дәмханалардың біріндегі йемендік аспаз ауызашарға арнап самса дайындап жатыр.
© REUTERS / Khalid Al-MousilyИрактың Мосул қаласында ер адам ауызашар дастарханына жеміс қойып жатыр.
Фрукты на столе во время ифтара в Мосуле  - Sputnik Қазақстан
12/12
Ирактың Мосул қаласында ер адам ауызашар дастарханына жеміс қойып жатыр.
Жаңалықтар
0