АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. Оралда мәслихат депутаты Қатауолла Ашығалиев 73 жасында коронавирустық пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ол соңғы төрт күнде облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатты. 23 сәуір түнде қайтыс болды.
Қатауолла Ашығалиев 1948 жылы 26 ақпанда туған.
1986-1992 жылдары Орал қаласы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды.
1993-1994 жылдары Орал қаласының әкімі қызметін атқарды.
1995 жылы шағын шаруа қожалығын ашты.
Оқи отырыңыз: "Вакцинадан қайтыс болды": Министрлік желіде тараған видеоға түсініктеме берді
2016 жылы Батыс Қазақстан облысынан республикалық жер комиссиясының құрамына кірді.
Ол облыстық мәслихаттың 5, 6 және 7 шақырылым депутаты болған.