Өңірлер

Қарағандыда әкімдік ғимаратында қайғылы оқиға болды

© Photo : официальный сайт акимата КарагандыҚарағанды қаласы әкімдігінің ғимараты
Қарағанды қаласы әкімдігінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Қарағанды облысының полиция департаменті бұл фактінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Қарағанды қаласы әкімдігінің ғимаратында ер адам төртінші қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әкімдік қызметкерлері қайғылы оқиғаның болғанын растады. Бірақ ер адамның қалай құлағаны әзірше белгісіз.

"Марқұмның жасы 37-де болған. Артында бір баласы қалды. Әкімдік марқұмды жерлеу рәсімін өткізуге көмектеседі. Қайғылы оқиғаның себебі белгісіз. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – дейді мамандар.

Қарағанды облысының полиция департаменті осы оқиға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: "Сабырлы болатын": Оралда әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін пышақтап өлтірді

Жаңалықтар
0