Қоғам

Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру көрсеткіші күрт өсті

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на улицах Нур-Султана
Люди в масках на улицах Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2021
Жазылу
Бұған дейін 14 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирусқа қайта шалдығудың екі фактісі ресми тіркелгені хабарланған еді

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Қазақстанда 800-ге жуық жағдай коронавирусты қайта жұқтыру ретінде тіркелді. Бұл туралы  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде зерттеу материалдары мен статистикалық мәліметтерге сәйкес, шамамен, 800 адам ауруды қайта жұқтырған. Эпидемиологтар мен арнайы мамандар консилиум өткізіп, әрбір жағдайды жеке-жеке зерделейді. Осы жұмыстың қорытындысын жариялайтын боламыз", - деді Ахметова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда 14 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирусқа қайта шалдығудың екі фактісі ресми тіркелді деп мәлімдеген болатын. Себебі бүгінде инфекцияның жаңа штаммдары шығып жатыр.

Оқи отырыңыз: Министрлік жансақтау бөлімінде орын азайып жатқан өңірлерді атады

 

Жаңалықтар
0