Әлем

Солтүстіктегі сүңгуір қайықтар кімге және қандай мүмкіндіктер береді

© Sputnik / Alexey KudenkoАтомды сүңгуір қайығы
Атомды сүңгуір қайығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2021
Жазылу
2027 жылға қарай Ресейдің Солтүстік флоты 677-жобаның "Лада" су жаңа дизель-электрлі суасты қайықтарымен толығады

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Бүгінде әсіресе Арктика осындай кемелерге мұқтаж. Ресейдегі ең қуатты әскери-теңіз бірлестігінің жауынгерлік құрамы қалай өзгеретіні туралы РИА Новости жазды.

Арктическая экспедиция России Умка-2021 - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2021
Видео
Арктикада бір уақытта үш атом сүңгуір қайығы қалқып бетке шықты
Төртінші буынға жататын 677-жобаның дизель-электрлі суасты қайықтары 1990 жылдардан бері құрастырылып жатыр. Бас кеме – "Санкт-Петербург" – қазір тәжірибелік пайдалануда. Тағы басқа екі кеме – "Кронштадт" пен "Великие Луки" құрылысы әлі жүріп жатыр. 2022 жылы тағы екеуінің құрылысы басталады.

"Лада" – бұл көп жағдайда инновациялық жоба болып саналады. "Рубин" орталық конструкторлық бюросының әзірлеушілері бұл жобада ресейлік кеме жасау саласына тән емес бір корпусты сызбаны пайдаланды. Арнайы жабыны, заманауи радиоэлектронды жүйелері мен жоғары дәрежедегі автоматтандырудың арқасында "Ладалар" осы топтағы субмариналар ішінде көзге түспеудің рекордты мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, болашақта 677-жоба кемелері анаэробты (ауаға тәуелді емес) күш қондырғыларымен жабдықталады. Бұл аккумуляторларды қуаттау үшін су бетіне шығу қажеттілігін жояды.

"Ладалар" – ресейлік флоттың ең ұзақ құрастырылған жобаларының бірі. Кемелерді пайдалануға беру мерзімі бірнеше рет кейінгі шегеріліп, қаржы көлемі қысқартылды, жұмыстар да тоқтатылды. Біріккен кеме жасау корпорациясының басшысы Алексей Рахмановтың айтуынша, проблемалар жабдық жеткізушілерге байланысты болды. Осыған байланысты Тынық мұхиты флоты үшін "Ладалардың" орнына басқа – 636.3-жобасының алты сүңгуір қайығын құрастыру туралы шешім қабылданды.

"Санкт-Петербург" бас кемесі теңізшілердің пайдалануына тек 2010 жылы берілді. Бұл кеме сынақ стендіне айналды. Себебі пайдалану кезінде ақауларды жоюға, түзетулер енгізуге ұзақ уақыт қажет болды.

"Ладалар" салыстырмалы түрде шағын субмариналар тобына жатады. Су сыйымдылығы – шамамен 1 800 тонна. Су астында 21 торапқа дейін жылдамдығын үдете алады, жұмыс істеу тереңдігі – 250 метр. Экипаж саны – 35 адам, дербестігі – 45 тәулік. Бас кеме торпеда және миналармен ғана қаруланған. Келесі топтамадағы кемелердің бортына "Калибр" қанатты зымырандары орналастырылады.

Сарапшылардың пікірінше, Солтүстік флот бүгінде дизельді суасты қайықтарына аса мұқтаж. Әзірше 877-жобаның ескірген бірнеше "Палтус" субмаринасы бар. Негізінен суасты күштері көпмақсатты және стратегиялық атомды субмариналар түрінде ғана жабдықталған. Нәтижесінде оларды жиі жағдайда негізгі тапсырмаларынан алаңдатып, тактикалық операцияларға жұмылдыруға тура келеді.

Спуск на воду дизель-электрической подводной лодки Волхов - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2021
Ресейлік жаңа суасты қайықтары қашан дайын болады
Флоттың экс-қолбасшысы адмирал Вячеслав Поповтың айтуынша, бұл 90-жылдардағы дағдарыстың салдары.

"Солтүстік флотта дизельді суасты қайықтары үнемі қажет болды. Әрбір жобаның өз жауынгерлік тағайындалуы бар. Сондықтан оны басқалары жүз процент алмастыра алмайды. Дизель-электрлі суасты қайықтарының атомды субмариналардан басты ерекшелігі – мінсіз үнсіздігі. Яғни, оларды анықтау мүмкін емес. Негізгі міндеті – қарсылас сүңгуір кемелерімен күресу", – деді ол.

Адмирал мұндай субмариналардың орнын авиация, суүсті кемелері, атомды зымыран тасымалдағыштар секілді техникамен толықтырып отырғанын түсіндірді. Ол Солтүстік флотқа суасты және суүсті кемелерінің барлық түрі қажет екенін атап өтті.

Қырғи қабақ соғыс кезінде Солтүстік флот ядролық тосқауылдың маңызды элементі болды. Солтүстік теңіздегілер ең заманауи стратегиялық ядролы кемелер мен зымыранды жерүсті кемелеріне ие болды.

Бүгінде бұл жағдай қайталанып отыр: Солтүстік флотқа жекелеген әскери округ мәртебесі берілді. Ал 2014 жылы оның базасында Біріккен стратегиялық қолбасшылық құрылды. Мұндай әлдеқайда озық әрі заманауи техникалар жеткізіліп тұрады. Мысалы, солтүстік теңіздегілер "Борей" жобасының атомды суасты қайықтары мен "Ясень" көпмақсатты суасты қайықтарын бірінші болып меңгерді, "Адмирал Нахимов" атомды зымыран крейсері тереңдетілген модернизациядан өтіп жатыр. Артынша "Петр Великий" ауыр атомды зымыранды крейсер құрылысы басталады.

Бұдан бөлек 2023 жылы солтүстік теңіздегілерге 22 350 жобасының "Калибр" қанатты және "Оникс" кемеге қарсы зымырандарымен жабдықталған бірнеше көпмақсатты фрегаттарын бөлді.

Соңғы жылдары америкалықтар Солтүстікті қаруға толтырып жатыр. Аляскада радиолокациялық станциялар салып, ол жаққа ондаған соққы жасаушы жойғыш ұшақтарын бағыттауда. Пентагон өңірде жаңа типтегі бөлімшелер құруды көздеп отыр.

Жаңалықтар
0