Әлем

Ресейлік жаңа суасты қайықтары қашан дайын болады

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуСпуск на воду дизель-электрической подводной лодки "Волхов"
Спуск на воду дизель-электрической подводной лодки Волхов - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2021
Жазылу
"Ладалар" – ең заманауи және келешегі зор ресейлік бейатомдық субмариналар. Шап-шағын көлеміне қарамастан, олар көп функционалдығымен ерекшеленеді

2022 жылы  677 "Лада" жобасының алғашқы сериялық дизель-электрлік суасты қайықтары флотқа тапсырылады. Оны әзірлеуге 20 жыл қажет болды. Бұл субмарина дәлдігі жоғары қаруды тасымалдай алады, ал оның бадарын анықтау өте қиын, деп жазады РИА Новости.

"Кронштадт" және "Великие Луки" сүңгуір қайықтарын 2021 жылы теңізшілерге тапсыру жоспарланған болатын. Бірақ, "Адмиралтейские верфи" кеме жасаушы кәсіпорнының бас директоры Александр Бузаковтың айтуынша, контрагенттермен туындаған проблемаларға байланысты мерзім уақыты өзгерді.

Российские многофункциональные истребители пятого поколения Су-57 на воздушном параде Победы в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2020
Су-57 және С-70: жаңа ресейлік қару-жарақтың ерекшелігі неде?
Қыркүйекте Біріккен кеме жасаушы корпорацияның басшысы Алексей Рахманов жабдық жеткізушілердің бірі кестеден ауытқуына байланысты екі сериялық кемені құрастыру біршама кешігетінін хабарлады.

Жоба о бастан мерзімнен кешігуерге тап болуда. Жұмыстар сонау 1990-шы жылдары бастаалған болатын. Сол кезде алғашқы бас кеме "Санкт-Петербург" құрастыру басталды. Ол 2004 жылы суға түсіріліп, әскери-теңіз флотына 2006 жылы жөнелтілуі тиіс еді. Алайда, сүңгуір қайық Солтүстік флотқа тәжірибелік пайдалануға 2010 жылы тапсырылды.

Ескірген 877 "Палтус" жобасының орнын "Ладалармен" алмастырмақшы болған. Жаңа сүңгуір қайықтардың көлемі шағын болғандықтан, оның  гидролокаторлардың  көзіне түсу дәрежесі де төмен. Сонымен қатар, ресейлік кеме жасау үшін стандарттан тыс бір корпусты сызба да акустикалық жасырындықты күшейтеді. Оның үстіне, "Ладалар" келешекте ауаға тәуелсіз (анаэробтық) күштік қондырғымен жабдықталатын ресейлік алғашқы суасты қайықтары болмақ.

Көптеген жаңа конструктивтік шешімдерді субмарина құрылысында қолдану салдарынан мерзімдердің үнемі ауыстырылуы да әбден мүмкін. Мәселен, бас кемені сынау кезінде гидроакустикалық кешенге қатысты күрделі мәселелер анықталды. Ал электр қозғалтқышының жеткіліксіз қуаты су астында қажетті жылдамдықты дамытуға мүмкіндік бермеді.

Бірақ, бәрібір Әскери-теңіз флоты дизель-электрлік суасты қайықтарын асыға күтті. Сондықтан, Тынық мұхиты флоты үшін "Ладалардың" орнына уақыт сынағынан өткен және жақсы игерілген 636 "Варавянка" суасты қайықтары жеткізілді.

Мамандардың пікірінше, "Ладалар" – ең заманауи және келешегі зор ресейлік бейатомдық субмариналар. Шап-шағын көлеміне қарамастан, олар көп функционалдығымен ерекшеленеді. Бұл сүңгуір қайықтар су астындағы және үсітндегі кемелеріне қарсы тұруға, жағалаудағы нысандарға соққы жасауға, миналы қоршаулар салуға, жағалауларды десант әскерлерінен қорғауға, бөлімшелер немесе арнайы жүктерді тасымалдауға қабілетті.

Жоғары автоматизациясы мен шу деңгейінің төмендігі, мобильділігі мен маневрлігі оларды диверсиялық және барлау операцияларында сәтті пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл субмариналар қуатты гидроакустикалық кешенмен және тұмсық бөлігі мен бүйір жақтарында орналасқан үш бірдей сезімтал антенналармен жабдықталған. Су сыйымдылығы шамамен 1,8 мың тонна болатын суасты қайығының жылдамдығы 20 торапқа жетеді. Тереңдігі 350 метрге дейін. Оның экипаж саны небәрі 30 адам.

Миномет 2С4 Тюльпан - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2020
Әлеуеті зор әлемдік қару туралы айтылды
Қару жайын келер болсақ, стандартты жабдықтаудағы "Ладалар" бортында калибрі 533 миллиметр 18 торпеда мен шамамен 20 мина болады. Торпедалық аппараттар сағатына 300 километрді еңсере алатын "Шквал" кемеге қарсы зымыран торпедаларымен ату үшін де бейімделген. Әрине, "Ладалар" да көптеген ресейлік заманауи кемелер секілді "Калибр" қанатты зымырандармен жабдықталған.

Алғашқы сериялық екі субмарина ауаға тәуелсіз энергетикалық қондырғы орнатылмайды. Бузаковтың айтуынша, Ресейде әлі мұндай аппарат жоқ. Ал қалған кемелер бұл жабдықпен қамтылатын болады.

"Лада" алдыңғы жобаларға негізделген суасты қайықтарының жаңа тобы бола алады, - деп түсіндірді РИА Новости порталына Жалпыресейлік флотты қолдау қозғалысының төрағасы, бірінші рангтегі капитан Михаил Ненашев. – Соңғы 15-20 жылдың ішінде "Ладаны" құрастырудың арқасында 150-ге жуық тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар игерілді. Бұл бір үлкен суасты зертханасы іспеттес".

Сарапшы атап өткендей, алдыңғы жобалармен салыстырғанда "Лада" бортында біршама көбірек торпеедалар орналастыруға болады. Ол ерекше тактикалық-техникалық сипаттамаларының арқасында барлық тактикалық және стратегиялық бағыттағы мәселелерді шеше алады. Сонымен қатар, оның конструкциясы зымыран кешендерін орналастыруға мүмкіндік береді.

"Бұл дизель-электрлік суасты қайықтарының шуы теңіз дыбысындай болады. Ал жаңа гидроакустика басқа кемелерге қарағанда әлдеқайда үлкен аумақты тыңдай алады, - деді Ненашев. – Бұл аса маңызды. Себебі, "Ладалар" Арктикаға жөнелтіледі. Оның үстіне, шағын көлемінің арқасында оларды үлкен және кіші тереңдіктерде қолдануға мүмкіндік бар".

Ресейлік дизель-электрлік суасты қайықтары бұрыннанақ ең үздік техниканың бірі саналады. 636.3 жобасының алты дизель-электрлік суасты қайықтары Қара теңіз флотында қызмет етсе, тағы алты субмарина алдағы жылдары Тынық мұхиты флотына жөнелтіледі. НАТО бұл субмариналарды дыбысының төмендігі мен жасырыну деңгейінің жоғарылығы үшін "қара ойық" деп атады.

Ал "Ладалар" оларға қарағанда әлдеқайда "мылқау". Бас кеме "Санкт-Петербургты" қолдану жасырыну деңгейі бойынша 677-ші жоба алдыңғы барлық дизельді суасты қайықтарынан асып түсетінін көрсетті.

Жаңалықтар
0