Әлем

Гүлнәр Кәрімовадан тәркіленген мүліктер сатуға шығарылды – фото

© Sputnik / Дильшода РахматоваГүлнәр Кәрімовадан тәркіленген мүліктер
Гүлнәр Кәрімовадан тәркіленген мүліктер  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2021
Жазылу
Кешен аумағында қонақ үй мен коттедждер, жабық және ашық бассейндер, теннис корты, спорт зал мен басқа да қондырғылар орналасқан

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі агенттік жекешелендіру бағдарламасы аясында Ташкент облысында бірнеше нысандарды сатуға шығарды. Жарияланған лоттар қатарында бұрынғы Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнәр Кәрімоваға тиесілі "Сиджак" демалыс аймағы да бар.

© Sputnik / Дильшода РахматоваГүлнәр Кәрімовадан тәркіленген нысандағы бассейін
Гүлнәр Кәрімовадан тәркіленген мүліктер сатуға шығарылды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2021
Гүлнәр Кәрімовадан тәркіленген нысандағы бассейін

Курорттық аймақтағы зәулім сарайлар теңіз деңгейінен 959 метр биіктікте орналасқан. Аумағы 5,4 гектар шамасындағы бұл жер халық арасында "Тянь-Шань маржаны" деп аталады.

Sputnik Өзбекстан агенттігінің хабарлауынша, кешен аумағында қонақ үй ғимараты мен бірнеше бассейн, амфитеатр, коттедж бен су мұнарасы және басқа да құрылыстар орналасқан.

© Sputnik / Дильшода РахматоваГүлнәр Кәрімованың бұрынғы саяжайы
Гүлнәр Кәрімовадан тәркіленген мүліктер сатуға шығарылды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2021
Гүлнәр Кәрімованың бұрынғы саяжайы

Сондай-ақ, шарап субұрқағы мен әйнек күмбезді қысқы бақ та бар.

© Sputnik / Дильшода РахматоваШыны күмбездің астында орналасқан қысқы бақ
Гүлнәр Кәрімовадан тәркіленген мүліктер сатуға шығарылды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2021
Шыны күмбездің астында орналасқан қысқы бақ

Аталған кешен Ташкент облысындағы тағы жеті объектімен бірге аукционға қойылды.

© Sputnik / Дильшода РахматоваКурорттық аймақтағы зәулім сарайлар теңіз деңгейінен 959 метр биіктікте орналасқан
Гүлнәр Кәрімовадан тәркіленген мүліктер сатуға шығарылды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2021
Курорттық аймақтағы зәулім сарайлар теңіз деңгейінен 959 метр биіктікте орналасқан

Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі аукционға қатысуға өтінімдерді ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін қабылдайды.

© Sputnik / Дильшода РахматоваАумағы 5,4 гектар шамасындағы бұл жер халық арасында "Тянь-Шань маржаны" деп аталады
Гүлнәр Кәрімовадан тәркіленген мүліктер сатуға шығарылды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2021
Аумағы 5,4 гектар шамасындағы бұл жер халық арасында "Тянь-Шань маржаны" деп аталады

Айта кетейік, наурыз айының ортасында интернетте Гүлнәр Кәрімованың өлең түрінде жазылған хабарламасы пайда болды. Оның қызы Иман Кәрімова туыстарының жазған хаты тұтқынға берілмейтінін, адвокаттардың кіруіне тыйым салынғанын, тіпті онымен телефонмен сөйлесуге де тыйым салынғанын айтқан.

Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімовтің үлкен қызы жазасын Ташкент маңындағы №21 Зәңгіата әйелдер колониясында өтеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Астында қара Mercedes: Қазақстандық депутаттар таңертең жұмысқа қалай келеді

Ол қаржы жымқыру, салық төлеуден жалтару, бопсалау және ақшаны астыртын жолмен жылыстатуға кінәлі деп танылған.

Өзбекстанның Жоғарғы соты Гүлнәр Кәрімованы ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, бопсалау және алаяқтық жасағаны үшін 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырды.

Жаңалықтар
0