НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында Байзақ ауданы прокуратурасының қызметкері пара үшін ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Күдіктіні ұстауға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысындағы департаменті де қатысқан. Прокуратура қызметкері 16 сәуірде ұсталды.
"Ол қомақты мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.