Қоғам

Бас прокуратура желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

© AFP 2024 / Kirill Kudryavtsev Социальные сети
Социальные сети - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2021
Жазылу
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Бас прокуратураның қаулысы таратылып жатыр. Бұл ақпарат жоққа шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Желіде Қазақстанның бас прокурорының жалған қаулысы таратылып жатыр.

Хабарламада Ресейде есепке қойылған көлік иелеріне Қазақстан аумағында бас сенімхатсыз жүруге тыйым салынатыны жазылған. Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Stopfake.kz.

"Желіде Бас прокурор бас сенімхатсыз ресейлік автокөлікті басқаруға тыйым салу туралы қаулыға қол қойғаны жазылып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бас прокурор бекіткен құқықтық актілердің мәтіндері ресми сайтта жарияланған", – делінген Бас прокуратураның ресми хабарламасында.

Жалған хабарға мұқият қарағанда, орта мектептің мөрі қойылғанын байқауға болады. Сондай-ақ, мәтінде құжат ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланғаны айтылған, бірақ іс жүзінде сайтта мұндай ақпарат жоқ.

Фейкті жасаған адам негізге алып отырған "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңда 60-бап жоқ. Олардың саны 25 қана.

Сондай-ақ, фейк мәтінінде грамматикалық және стилистикалық қате көп екені байқалады.

Бас прокуратура арандатушылыққа бой алдырмауды және тек ресми дереккөздерге ғана сенуді сұрады.

 

Жаңалықтар
0