Қоғам

Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 28 адам қайтыс болды

© REUTERS / SHWE PAW MYA TINМедики выносят из здания тело погибшего от коронавируса
Медики выносят из здания тело погибшего от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2021
Жазылу
Қазіргі кезде 600-ден астам адамның адамның жағдайы ауыр және 168 пациенттің жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Өткен тәулікте 27 науқас коронавирустық инфекция салдарынан, тағы бір пациент коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

16 сәуірдегі жағдай бойынша 36 868 адам коронавирус инфекциясынан емдеуді жалғастыруда. 36 393 адамда COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже, ал 475 пациентте теріс нәтиже көрсетті. 12 941 адам стационарда, 23 927 науқас амбулаториялық жағдайда емделуде.

Сондай-ақ 616 науқас ауыр жағдайда болса, 168 адам өте ауыр дәрежеде жатыр және 118 пациент жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: Екпе салдырған қазақстандықтар жұмыстан босатыла ма

Өткен тәулікте 2 656 адамнан коронавирус инфекциясы, 71 адамнан пневмония анықталды. 

Айта кетейік, Қазақстанда пандемия басталғалы коронавирустан 3 333, пневмониядан 742 адам көз жұмған.  

Жаңалықтар
0