Қоғам

Екпе салдырған қазақстандықтар жұмыстан босатыла ма

© Photo : РСК АлматыАлматыдағы екпе салдыру пункті
Алматыдағы екпе салдыру пункті - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2021
Жазылу
Бүгінге дейін Қазақстанда 500 мыңнан аса адам екпе алды. Ал қыркүйекке дейін 10 миллион азаматты вакциналау жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі вакцина салғызғаннан кейін өзін жайсыз сезінген адамдарға заң бойынша демалыс беруді көздеп отырған жоқ. Бұл туралы вице-министр Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілі Біржановтан коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін өзін нашар сезінген адамдарға заң бойынша демалыс беру жоспарда бар ма деп сұрады.

Вице-министрдің айтуынша, вакциналаудан кейін адам 30 минут бойы бақылауда болады.

"Вакцинадан кейін өзін жайсыз сезінетіндер соншалықты көп деп ойламаймын. Егер қандай да бір жанама, теріс әсері байқалса, дәрігерге жүгіне алады. Симптомдар анықталса, еңбекке жарамсыздық парағын ашуға болады. Мұның бәрі жеке-жеке қаралады. Ал барлығына демалыс күнін қарастыру орынсыз деп санаймын", – деді вице-министр.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау биыл 1 ақпанда басталды. Әзірге ел азаматтарына ресейлік "Спутник V" вакцинасы егіліп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, ақпаннан бері 500 мыңнан аса адам екпе алды.

Оқи отырыңыз: Вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғандар бар – комитет жауабы

Қыркүйекке дейін 10 миллион қазақстандықты вакциналау жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0