Қоғам

Қазақстанда балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынуы мүмкін бе

© Photo : Esi GrünhagenРебенок играет
Ребенок играет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2021
Жазылу
Қазір көптеген өндіруші вакцинаның балаларға әсерін зерттеп, тестілеу жүргізіп жатыр, деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстан 18 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір көптеген өндіруші вакцинаның балаларға әсерін зерттеп, тестілеу жүргізуде. Зерттеу нәтижелеріне қарай біз қосымша талдау жасап, аталған санатты вакциналауға қосу мүмкіндігін бағалаймыз", - деді Шоранов брифингте.

Айта кетсек, қазір Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егілмейді.

Республикада вирусқа қарсы вакциналау науқаны биыл 1 ақпанда басталды. Вице-министр Шорановтың айтуынша, бүгінге дейін "Спутник V" вакцинасының бірінші компоненті 435 мың адамға егілген, екіншісі 107 мың қазақстандыққа салынды.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық вакцина халыққа қашан егілетіні белгілі болды 

Сәуір айының соңына дейін өңірлерге "Спутник V" вакцинасының 910 мың дозасы жеткізіледі. Бұдан бөлек, басқа өндірушілерден 500 мың доза және отандық QazVac вакцинасының 25 мың дозасы түседі.

Министрлік осы жылдың қыркүйегіне дейін 10 миллион адамды вакциналауды көздеп отыр.

 

Жаңалықтар
0