Қоғам

Зейнетақыға қатысты маңызды ақпарат жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевКупюры в руках
Купюры в руках  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2021
Жазылу
Егер мемлекеттік зейнетақы жарналары бір айдың ішінде бірнеше рет аударылса, онда жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір ай деп есептеледі. Демек, болашақта зейнетақы төмен болады

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы төлеу жүйесіне қатысты маңызды ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мемлекеттік органның ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, 2018 жылы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы әрбір адамның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке-дара тағайындалады. Осы жүйеге сәйкес, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады. Осылайша, зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болған жағдайда немесе мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 процентін (19 мың теңге шамасында - Sputnik) құрайды. Ал 10 жылдан асқан әр жыл үшін 2 процент қосылады.

"Мысалы, егер сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің 74 проценті, 30 жыл – 94 процентін, 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100% жоғары мөлшерінде белгіленеді. Егер бір ай ішінде мемлекеттік зейнетақы жарналары бірнеше рет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды", - дейді министрлік мамандары.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, адам зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшерін соғұрлым көп алады.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы қоры 1 мамырдан бастап қандай өзгеріс болатынын айтты

Ресми мәліметке сәйкес, 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда зейнеткерлердің жалпы саны 2 млн 247 мың адам болды. Ал зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 100 163 теңгені құрап отыр.

Жаңалықтар
0