Қоғам

Шетелдіктерге жерді сатуға тыйым салатын заң жобасы сенатқа жолданды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан парламенті
Қазақстан парламенті - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2021
Жазылу
Депутаттар құжатты қарау барысында заң жобасын енгізу мақсатын күшейтуге бағытталған түзетулер енгізді

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Мәжіліс шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда қаралды.

Заң жобасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң шығару бастамасымен дайындалған болатын.

Депутат, аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Берік Оспановтың айтуынша, заң жобасы аясында 5 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

"Түзетулер шетелдік жер пайдаланушыларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстанның заңды тұлғаларына, сондай-ақ қандастарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын иеленуге тыйым салуды енгізуге қатысты", – деді ол.

Депутаттар құжатты қарау барысында заң жобасын енгізу мақсатын күшейтуге бағытталған түзетулер енгізді.

Атап айтқанда, шетелдік азаматтар мен заңды тұлғалар, шетелдік қатысу үлесі бар бірлескен кәсіпорындар заңды тұлға қатысушыларының құрамына кірген жағдайда, сондай-ақ заңды тұлға қатысушысының Қазақстан азаматтығы тоқтатылған кезде ауыл шаруашылығы жерлерін иеліктен шығару рәсімдері көзделген.

Айта кетсек, наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын парламентке жолдады.

Құжатта осы санатқа кіретін азаматтар да көрсетілген. Олар:

  • шетелдіктер;
  • азаматтығы жоқ адамдар;
  • шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғалары;
  • халықаралық ұйымдар;
  • халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар.

Бұдан бөлек, қандастар азаматтық алғанша ауыл шаруашылығы жерлерін жалға ала алмайды.

2016 жылы халықтың жаппай наразылығынан кейін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру мәселесіне қатысты ережелерге мораторий енгізді.

Оқи отырыңыз: "Қашып кетпеуіне кім кепіл": жер комиссиясында шетел азаматтығын алғандар туралы айтылды

Жер туралы заңның атышулы баптарына қатысты енгізілген мораторийдің мерзімі 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады.

Жаңалықтар
0