Ресей бағасы қолжетімді BOSS субмаринасын экспортқа шығармақ

© Photo : Центральное конструкторское бюро морской техники "Рубин"Патрульный корабль "Страж" (Border and Offshore Submersible Sentry, BOSS)
Патрульный корабль Страж (Border and Offshore Submersible Sentry, BOSS) - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2021
Жазылу
Ресейлік кеме құрастыру саласының ғылыми және технологиялық деңгейі стандарттардан тыс конструкторлық шешімдерді қолдануға мүмкіндік береді. Суүсті кемесі және субмарина функциялары бар "Страж" патрульдік су көлігі түрлі ел мамандарын таңғалдыра алады

Бұл жаңа кеме BOSS (Border and Offshore Submersible Sentry) атауымен экспортталады.

"Рубин" теңіз техникасының орталық конструкторлық бюросы субмарина мен су үстіндегі кеме қабілетін үйлестірген "Страж" патрульдік кемесін таныстырды. Озық техникалық сипаттамаларына, жоғары сенімділігіне, бортына зымыран-торпедалық қарудың кең түрін орналастыру мүмкіндігіне қарамастан салыстырмалы түрде арзан бағасы мен шағын көлемі BOSS-ты қорғаныс бюджеті аса үлкен емес көп мемлекет үшін тартымды етеді.

Фрегат Адмирал флота Касатонов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2020
Ресейде жаңа әскери кеме сынақтан өтті
"Рубин" КБ – субмариналарды жобалау ісінде әлемдегі көшбасшы мекемелердің бірі. Ол суасты кемелері мен түрлі топтағы аппараттарды құрастыру бойынша 120 жылдық тәжірибесі бар Ресейдегі суасты кемелерін құрастырудың конструкторлық бюросына жетекшілік етеді.

BOSS сыртқы пішіні бойынша 613-ші жобадағы дизельді-электрлі субмаринаны еске түсіреді. Ол конструкциясы сәтті шыққан және әлемде көп сатылған су көлігінің бірі. BOSS сипаттамалары да оған ұқсас: комплектациясына қарай ұзындығы 60-70 метр, су сыйымдылығы шамамен 1000 тонна, экипажы 42 адам. Ол басқарылатын зымырандармен, торпедалармен, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен, артиллериялық қондырғылармен, тексеру топтарына арналған шағын көлемді жылдамдығы жоғары жүзу құралдарымен жабдықталуы мүмкін. Қару жүйесі, аспаптары мен жабдықтарын таңдау кезінде "Рубин" КБ мамандары субмариналар, суасты қайықтары мен ұшақтардағы сынақтан өткен және сенімді техникаға басымдық берді.

Технологиялық деңгейі жоғары қарсыластың кемелері мен жағалаудағы нысандары, жабдықталуы төмен пираттар, контрабандистер, браконьерлер су үстіндегі және астындағы жаңа патрульдік кеменің ықтимал нысаналары болуы мүмкін. Кеме барлау жүргізетін немесе ғылыми-зерттеу көлігі ретінде тиімді қолданылады.

Жаңа кеменің мүмкіндіктері мен міндеттерінің спектрін түсіну үшін 613 жобасына (НАТО жіктемесі бойынша – "Whiskey") қайта оралу керек. Қарапайым әрі сенімді субмаринаның су сыйымдылығы 1347 тонна, ұзындығы 76 метр болды және ол 200 метрге дейінгі тереңдікте 18,5 торапқа дейінгі жылдамдықта қозғала алды. Су астындағы максималды қашықтығы – 8500 миля (15 мың километрден астам). Негізгі қаруы: 533 милиметр калибрлі алты торпедалы аппарат. Оның төртеуі тұмсығында, екеуі артқы жақта орналасқан. Торпедалар ядролық жауынгерлік бөліктермен жабдықталуы мүмкін. Жауынгерлік жинақ 12 торпедадан немесе 22 минадан тұрды. Дербестігі – 30 тәулік. Экипажы – 52 адам.

Солтүстік ағын – 2 газ құбырының құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2020
Әлем
"Фортуна" кемесі "Солтүстік ағын – 2" құрылысына тартылуы мүмкін
613-ші жоба торпедалық ретінде әзірленгенімен зымыран қаруы бар алты модификацияланған субмарина құрастырылды. 613-ші жобаға жататын кемелерінің сериялық өндірісі кезінде құрастырудың ағынды-секциялық әдісі, автоматты дәнекерлеу және дәнекерленген тұстарды рентгенографиялық бақылау кеңінен қолданылды.

Кеңес флотына бес күн сайын ір субмаринадан беріліп тұрды. Жеті жыл (1950-1957) ішінде жалпы саны су сыйымдылығы орташа 215 дизель-электрлік суасты қайығы құрастырылды. Олар біруақытта торпедалық соққы жасап, барлыу жүргізіп, қарсылас орналасқан аумақта жедел және жайғасымдық қызмет атқара алды. Бұл 613-ші жобаның кемелері Кеңес Одағы ыдырағанға дейін қолданыста болуы оның сапасының мінсіздігін паш етеді.

613-ші жобаның көп нысаналы суасты қайықтары (шамамен 40 бірлік) шет мемлекеттерге –  Болгария, Куба, Индонезия, Мысыр, Сирия, Солтүстік Корея, Польша әскери-теңіз күштеріне жеткізілді. Қытайға техникалық құжаттарды тапсырылып, Шанхай мен Ханькоудағы зауыттарда 20-дан астам сүңгуір қайық құрастырылды.

Теңіздегі классикалық жауынгерлік патрульдеу – бұл белгілі бір аймақта суүсті кемелері мен сүңгуір қайықтардың ұзақ уақытқа созылатын маневрі. Олар кез келген уақытта соғыс жағдайында қарсыластың кемелеріне немесе жердегі нысандарына соққы жасауға дайын болуы керек. Патрульдік кеме өз елінің жағалауларынан қашықта зымыран, артиллерия немесе торпедалық соққыларға әрдайым дайын күйде жүреді. Сондықтан Ресей Федерациясы Қара, Беринг немесе Жапония теңіздеріндегі өз жағалауларында америкалық эсминецтердің пайда болуына тиісті түрде қатаң жауап береді.

Су астында партуль жүргізу қарсыласты, шекараны бұзғандарды немесе контрабандамен айналысатындары жасырын түрде бақылауға, тосыннан соққы жасауға мүмкіндік береді. Су тереңдігінде қарсыластың басым күштерін айналып өтуге болады және ешқандай дауылдан қауіп жоқ. Ал оның су үстіне көтерілу мүмкіндігі экипаждың таза ауамен тыныстауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар экипаждар мен жағалау инфрақұрылымын дайындауға арналған оқу-жаттығу құралы бола алады.

Жаңалықтар
0