Қоғам

Алматыда электронды жаңа жол белгісі пайда болды

© Sputnik / Григорий Собченко / Фотобанкке өтуЖол белгісі, архивтегі сурет
Жол белгісі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Мұндай белгі қазірше, бір ғана көше қиылысына орналастырылды. Тестілеуден кейін басқа көшелерге қою жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Алматы көшелеріне тәулік уақытына қарай бағдар көрсететін электронды жол белгісі орнатылды.

Қалалық мобильділік басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл жол белгісі эксперимент түрінде "Талғар тракті – Хан тәңірі көшесі" бағдаршам нысанына орналастырылды. 

Таңғы сағат 06.00-ден 11.00-ге дейін табло "Тура қозғалыс" белгісін, ал 11.00-ден 06.00-ге дейін "Тура немесе солға қарай қозғалыс" белгісін көрсетеді.

Басқармадағылар белгінің еуростандартқа сәйкес келетінін айтып отыр. Сондай-ақ, кескіннің қанықтығының жоғары болуы жүргізушілердің шатасуына жол бермейді.

"Жол белгісінің қажетті кескіні тәулік уақытына қарай (бағдарлама бойынша) немесе көлік жүктемесіне сәйкес басқару пунктінен арнайы электронды блок арқылы көрсетіледі", – деп жазылған хабарламада.

Қазірше бұл жаңашылдық эксперимент жүзінде тек бір ғана көше қиылысына орналастырылды. Тестілеуден кейін мұндай белгі Алматының басқа көшелерінде де пайда болады. Бұл күрделі жол тораптарындағы жағдайды басқаруға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Көлік тізгінінде 61 жыл – жамбылдық полиция жүргізуші әжей туралы видео түсірді

Жаңалықтар
0