Өңірлер

Түркістан облысында жоғалып кеткен 60 жастағы ер адам күтпеген жерден табылды

CC0 / Bernd Schray / Пожилой мужчина, архивное фото
Пожилой мужчина, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2021
Жазылу
Полицейлері Темірлан ауылында рейд жүргізу кезінде түнгі уақытта көшеде келе жатқан ер адамды тоқтатып, аты-жөнін сұраған

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Түркістан облысының полицейлері жоғалған 60 жастағы ер адамды тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

Терезеден қарап тұрған қыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Өңірлер
Оралда 3 баланың анасы жоғалып кетті
Ордабасы полицейлері Темірлан ауылында рейд жүргізу кезінде түнгі сағат 03:00 шамасында көшеде келе жатқан ер адамды тоқтатып, аты-жөнін сұраған. Егде жастағы жаяу жүргінші өзінің атын білмейтінін айтқан. Сонымен қатар сөйлеген сөздері де анық болмаған. Содан соң оның жеке басын анықтау мақсатында Ордабасы АПБ-не жеткізген. Осылайша егде жастағы кісінің Шымкент қаласының ПД-де із-түзсіз жоғалғандар бойынша тіркеуде тұрған 60 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды.

Полиция қызметкерлері науқас кісінің туған-туыстарын іздестіріп, оларға хабар берген. Көп ұзамай ұлы Ордабасы АПБ-не келіп, полиция қызметкерлеріне өзінің алғысын білдіріп, әкесін алып кетті.

"Әкем үйден себепсіз шығып, жоғалып кеткен еді. Бүгін міне, түнгі сағат 04:00-де Ордабасы АПБ-ның полиция қызметкерлері тауып беріп отыр. Полицейлерге алғысымды айтамын", – деді Ержан Асанбеков.

Жаңалықтар
0