Өңірлер

Оралда 3 баланың анасы жоғалып кетті

© Sputnik / Владислав ВодневТерезеден қарап тұрған қыз
Терезеден қарап тұрған қыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Жазылу
Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков бұл жағдайды туыстық байланыстың үзілуі деп атады

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 40 жастағы тұрғынның он күннен бері хабар-ошарсыз кеткені жайлы хабар тарады. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, бұл жайында құқық қорғау органдарына арыз түспеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жергілікті "Мой город" басылымының ақпаратына сәйкес, 40 жастағы Райхан Таңжарықова 10 күн бұрын жоғалып кетті. Редакцияға оның туысы хабарласқан. Райхан Теректі ауданы Сарыөмір ауылында тұрады. Наурыз мейрамы қарсаңында ол Оралға келген.

"Оралда әпкесінің үйіне келді. Ол орталық базар аумағында тұрады. Өзімен бірге телефоны жоқ. Бірақ әлі күнге дейін оралмады. Үйден түскі уақытта шығып бара жатқан кезде жұмыстары бар екенін айтты. Бәріміз қайтып келеді деп күттік. Бірнеше күн бұрын полицияға хабарладық. Ол бұған дейін ешқайда кетпеген, жоғалмаған. Ішпейді, еш жерде есепте тұрмайды", – дейді туысы.

Айтуынша, әйелдің күйеуі, үш баласы бар. Кенжесі 2-сыныпта оқиды.

Полицияның сөзінше, әйелдің жоғалып кетуіне байланысты ресми арыз түспеген.

"Ол бұған дейін де үйінен кетіп қалған. Ішімдік ішеді. Күйеуінің сөзінше, бұған дейін де бірнеше рет кетіп қалған. Ресми арыз түскен жоқ, алайда Орал қаласы Абай полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Жақында ғана оны қала дәмханаларының бірінен көргендер бар", – дейді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Оқи отырыңыз: Күйеуім қатерлі ісікке шалдыққанымды естіп, хабарсыз кетті – екі баланың анасы

Белгібеков бұл жағдайды туыстық байланыстың үзілуі деп атады.

Жаңалықтар
0