НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Павлодар облысының Ақсу қаласындағы кәсіпорынның бірінде минаға ұқсас металл зат табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қауіпті зат анықталған аумақ шұғыл қоршауға алынып, ол жердегі адамдар эвакуацияланды.
Оқиға орнына Павлодар облысы полиция департаментінің жарылыс-техникалық тобының өкілдері мен кинологиялық қызмет мамандары тексеру, тінту жұмыстарын жүргізіп қауіпті затты анықтады.
"Табылған зат оқу минасы болып шықты. Қазіргі кезде оның бұл аумаққа қалай жеткізілгені тексеріліп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.