Өңірлер

Ақмола облысының тұрғыны досының шын мәнінде кім екенін білді

CC0 / Skitterphoto / Одинокий человек ночью
Одинокий человек ночью - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2021
Жазылу
2020 жылдың қыркүйегінде жәбірленушінің шотына ақша түскен, ал күдікті ақшаны туыстары жібергенін айтып, оны шешіп беруін өтінген

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Ақмолалық полицейлер досының атынан жасырын кредит алған тұрғынды анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

7 сәуірде Бұланды ауданының полиция бөліміне Макинск қаласының 28 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулер өзінің атына 55 мың теңге көлемінде үш онлайн-кредит ресімдегенін айтқан. Жарты жыл ішінде кредит бойынша қарыз өсіп, 115 мың теңге болған.

Оқи отырыңыз: Сайрам тұрғыны досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды 

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады. Ол жергілікті тұрғын, жәбірленушінің досы болып шықты.

Тергеу барысында өткен жылы күдікті жәбірленушінің құжаттарына қол жеткізгені анықталды. Ер адам оңай пайда алу үшін қылмысқа барған. 2020 жылдың қыркүйегінде жәбірленушінің шотына ақша түскен, ал күдікті ақшаны туыстары жібергенін айтып, оны шешіп беруін өтінген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицейлер істің мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0