04:31 12 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
6617 0 0

Жәбірленуші досының үйінде отырып екеуі алкогольдік ішімдік ішкен. Содан соң мас болып сол үйде ұйықтап қалған

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері досының ұялы телефонын ұрлаған күдіктіні анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, "Samsung Galaxy" маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін жеткізген. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі – 100 мың теңге.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде небары екі сағат ішінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басын анықтап, ұстады. Ол өзінің досы болып шықты.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында қайын атасының ақшасын ұрлаған әйел ұятқа қалды 

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азамат досын үйіне шақырып, араққа сылқита тойдырып, ұйқыға кеткенін күткен. Содан соң қалтасынан ұялы телефонын алып, есік алдындағы шлакаблоктың астына тығып қойған. Осылайша арам ойын іске асырып, досына ұялы телефонын қайтарып бермеген.

Тақырып бойынша

Павлодарда ер адам ең жақын досының атынан 14 кредит алған
Түлкібастық жігіт іздеу салған қылмыскер өзінің інісі болып шықты
Загрузка...

Басты тақырып