НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 19 адам коронавирустан, 3 науқас коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
9 сәуірдегі жағдай бойынша 30 219 адам КВИ-ға қарсы емдеу шараларын жалғастыруда (29 429 КВИ+, 790 КВИ-), оның 11 376 пациенті стационарда, ал 18 843 науқас амбулаториялық жағдайда емделуде.
Сондай-ақ, 517 науқас ауыр жағдайда болса, 163 адам өте ауыр дәрежеде жатыр және 87 пациент жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирустың "британдық" штаммын анықтайтын алғашқы тест әзірледі
Өткен тәулікте 2 440 адамнан коронавирус инфекциясы және 104 адамнан вирустық пневмония анықталды.
Айта кетейік, пандемия басталғалы COVID-19 індетін жұқтырған адамдар 263 943-ке жетті.1 тамыздан бастап коронавирустық инфекция белгілері бар 51 159 пневмония жағдайы анықталды.