Әлем

Ғалымдар коронавирустың "британдық" штаммын анықтайтын алғашқы тест әзірледі

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуЗертхана қызметкері
Зертхана қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Жазылу
Жаңа технологияны SARS-CoV-2 инфекциясының кез-келген мутацияларын, сондай-ақ, жаппай тестілеу қажет инфекциялық қоздырғыштарды анықтау бойынша реагенттер әзірлеу үшін қолдануға болады

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. "Роспотребнадзор" орталық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары коронавирустың "британдық штамм" деп аталатын N501Y мутациясын анықтауға арналған тесттік-жүйені әзірлеп, тіркеді, деп хабарлады ведомство сайтында.

Жаңа жүйе мутант штамның бар-жоғын жылдам анықтайды. Жүйе 106 көшірме/мл деңгейіндегі максималды шоғырлануға арналған.

Бұл вирустық жүктемесі өте жоғары үлгілерге арналған мутацияларды анықтау кезінде жалған оң нәтижелерді болдырмайды.

Реагенттер жиынтығы клиникалық сынақтардан сәтті өтті әрі Ресейде қолдану үшін тіркелді. Жүйенің дәлдігі жоғары және бұл мутациясы расталған клиникалық үлгілердегі сынақтармен расталғаны хабарланды.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус бар-жоғын 10 секундта анықтайтын құрылғы ойлап тапты

Айта кету керек, 2020 жылдың желтоқсанында коронавирустың жаңа SARS-CoV-2 мутациясы (британдық штамм) туралы ақпарат тарады. Британдық штамм да ауа арқылы таралады.

Сәйкесінше, аурудың таралуын алдын алу шаралары да сол қалпында қалады. Яғни, науқастарды оқшаулау, әлеуметтік қашықтықты сақтау, жеке қорғаныш құралдарын қолдану және екпе салдыру.

Жаңалықтар
0