АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Түркиядағы Bilkent университетінің мамандары ресми сайтында COVID-19 инфекциясының бар-жоғын он секунд ішінде анықтай алатын құрылғы ойлап тапқанын хабарлады.
Diagnovir-мен науқастың коронавируспен ауыратынын анықтау үшін адамның сілекейін арнайы ерітіндімен араластырып, құрылғы ішіне қою керек, деп хабарлады RT.
"Патогендер флуоресцентті сигналды динамикалық қабылдау арқылы 10 секунд ішінде анықталады", - делінген ақпаратта.
Бұл процесс биосенсор үшін арнайы жасалған қоздырғыштарды анықтау микросхемасы арқылы жүзеге асады.
Ғалымдардың айтуынша, зерттеу барысында құрылғы 99% тиімділігін көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің федералды медицина-биологиялық агенттігі коронавирусқа қарсы еш жерде жоқ екі дәрілік препарат әзірлеп, патенттеп алғанын мәлімдеген болатын.