НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Әскери ұшақ "Ақтау – Жаңаөзен" тас жолына қонды, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы.
Оқиға орнында түсірілген видеоны куәгерлері желіде жариялаған. Олардың айтуынша, "Ақтау – Жаңаөзен" тас жолын полиция қызметкерлері жауып тастаған.
"Олар жолды жауып тастаған соң, ұшақ тас жолға қонды. Біздің айналма жолмен жүруімізге тура келді", – дейді кадр сыртындағы дауыс.
Ал басылым редакция бұл факті бойынша тиісті мекемелерден ресми түсініктеме күтіп отырғандығын атап өткен.
Оқи отырыңыз:
Президенттің жеке дәрігері ұшақта қазақстандық нәрестені аман алып қалды
Айта кетейік, осы күндері өңірде әскери оқу-жаттығу өтіп жатыр.