НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 15 адам коронавирусты инфекциядан, 5 адам ковидтік пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте елімізде коронавирусты жұқтырған 2 586 адам тіркелген. Коронавирус белгілері бар пневмония 100 адамда анықталды, алайда олардың ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен.
Министрліктің мәліметі бойынша 29 655 адам (28 794 КВИ+ и 861 КВИ-) коронавирусты инфекциядан ем қабылдап жатыр, оның 10 828-і - стационарда. 18 827 науқас үйде емделуде.
КВИ+ және КВИ- бойынша:
- ауыр жағдайда – 522 пациент,
- аса ауыр хәлде – 151 науқас;
- 87 пациент жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады
Өткен жылдың 1 тамызынан ковид белгілері бар пневмонияның 51 055 жағдайы тіркелді, бұл дерттен 718 адам көз жұмды. 49 476 адам жазылды.
Айта кетейік, Қазақстанда пандемия басталғалы коронавирус 261 503 адамда анықталған, 3 171 адам көз жұмған. 229 538 пациент жазылып шықты.