Қоғам

Денсаулық сақтау министрі коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады

© Sputnik / Тимур БатыршинВ палате больницы с коронавирусом
В палате больницы с коронавирусом - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2021
Жазылу
Індетті жұқтырғандардың 63 проценті Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі, деді Алексей Цой

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусты жұқтыру көрсеткіші өсіп жатқан өңірлерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ, Ақтөбе мен Алматы облыстарында коронавирусты жұқтыру көрсеткіші өсіп келеді. Індетті жұқтырғандардың 63 проценті Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, Алматыда ақпан айында бір тәуліктің ішінде 100 науқас тіркелсе, сәуірде бұл көрсеткіш 600 адамға дейін жеткен. Сол сияқты Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың саны бес есеге өсіп отыр.

"Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан мен Алматыда, сосын Батыс Қазақстан мен Алматы облыстарында инфекциялық стационарларға түсетін науқастар көп тіркеліп жатыр", - деп атап өтті Цой.

Жалпы, республикада 276 инфекциялық стационар бар. Барлығы 29 189 төсек-орын жасақталған. Қазіргі кезде инфекциялық стационарлар 36 процентке, ал реанимациялық бөлімдер 29 процентке толған.

Жаңалықтар
0