Қоғам

Вакцина салу процесін видеоға түсіруге бола ма – министрлік жауап берді  

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуКамера видеонаблюдения, архивное фото
Камера видеонаблюдения, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2021
Жазылу
Видеоға түсіру үшін пациент пен медицина қызметкері келісім беруі керек, деп түсіндірді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салу процесін видеоға түсіру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, видео және фотоға түсіруге болады.

"Медициналық ұйымдарда фото және видеоға түсіруге тыйымды алып тастады. Бірақ видеоға түсіру үшін пациент пен медицина қызметкері келісім беруі керек", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады 

Айта кетейік, Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. Алдымен індетті жұқтыру қаупі жоғары санатқа кіретін адамдар – медицина қызметкерлері, полицейлер және тағы басқа мамандарға салынды. Қазіргі кезде барлығына бірдей вакцина салу шаралары басталып жатыр.

Жаңалықтар
0