Қоғам

Тоқаев вакцина салдырды

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2021
Жазылу
Президент Қазақстан азаматтары коронавирусты ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана жеңе алатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған "Спутник-V" вакцинасын салдырды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Оның айтуынша, президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ.

"Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеудің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді", - деп жазды Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырғанын, бұл өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін салдырмаса не болады? 

Бұған дейін президент үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық вакцина өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ, екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Жаңалықтар
0