Қоғам

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ елге оралды

© Sputnik / Владислав ВодневНаурыз мейрамын тойлау, архивтегі сурет
Наурыз мейрамын тойлау, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Қандастардың жартысынан астамы Өзбекстаннан келген, қалғандары – Қытай, Түрікменстан, Моңғолия және тағы басқа елдерден

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Қазақстанда 2021 жылдың басынан бері төрт мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

"2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 966 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (75,6%) Өзбекстаннан, 11,9%-і – Қытайдан, 5,8%-і – Түркіменстаннан, 3,0%-і – Моңғолиядан және 3,6%-і – басқа елдерден", - делінген ведомствоның ресми сайтында.

Министрліктің ақпаратынша, елге оралған этникалық қазақтар, негізінен, Алматы, Түркістан және Маңғыстау облыстарына, сондай-ақ, Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларына қоныстанды.

Тағы оқыңыз: Министрлік Шыңжаң-Ұйғыр ауданындағы жағдайға қатысты Қазақстан ұстанымын айтты

1 сәуірдегі жағдай бойынша атажұртқа оралған этникалық қазақтардың 59,9%-і – еңбекке қабілетті жаста, 24,1%-і – еңбекке қабілетті жастан кіші және 16%-і – зейнеткерлер.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға шамамен 1 миллион 74,3 мың қандас оралды.

Жаңалықтар
0