Қоғам

ҰБТ-2021: Болашақ мұғалімдерге талап күшейтілді

© Sputnik / Абзал КалиевСтарт ЕНТ 2019
Старт ЕНТ 2019 - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Педагогикалық мамандықтар бойынша шекті ұпай көтерілді, енді талапкерлер кем дегенде 75 балл жинау керек

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік гранттар конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін ҰБТ-тың шекті ұпайы қандай мамандық бойынша өзгергенін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаевтың айтуынша, биыл педагогикалық мамандықтар бойынша ғана шекті ұпай көтерілді. Басқа ешқандай өзгеріс жоқ.  

"Шекті балдар қатты өзгерген жоқ. Біз педагогикалық мамандықтар бойынша ғана шекті ұпайды көтеріп отырмыз, кем дегенде 75 балл жинау керек. Бұл шешімнің негізгі мақсаты – болашақ педагог мамандардың сапасын арттыру. Басқа бағыттарда ешқандай өзгеріс жоқ", - деді Тойбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде шекті ұпай саны – 50. Ал ұлттық университеттерде – 65 балл. Сосын ветеринария бағыты бойынша шекті ұпай 60 балға дейін көтерілген болатын.  

"Бұдан бөлек, денсаулық сақтау саласы бойынша кем дегенде 65 ұпай жинау керек. Әзірге ең жоғары шекті балл педагогикалық мамандықтарға белгіленіп отыр", - деп атап өтті Тойбаев.

Оқи отырыңыз: Енді мұғалім болып жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз – Аймағамбетов 

Айта кетейік, биыл ҰБТ электронды форматта өтеді. Мерзімі – үш ай (сәуір, мамыр мен маусым). Мектеп түлектері тест тапсыру уақыты мен орнын өздері таңдайды. Ал тест нәтижесі жұмыс күнінің соңында емес, тест аяқталған бойда жарияланады.  Апелляцияны 30 минуттың ішінде беруге болады. Биылғы ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр.   

Пәндердің саны бұрынғыдай қалады. Олар – үш міндетті және екі таңдау бойынша бейіндік пән. Тестілеу тапсырмаларының саны да өзгермейді – 120 тапсырма. Ал ең жоғарғы балл – 140. ҰБТ-ны тапсыруға төрт сағат беріледі.

Жаңалықтар
0