Қоғам

Енді мұғалім болып жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз – Аймағамбетов

© Sputnik / СтрингерУчитель измеряет температуру первокласснику перед уроком
Учитель измеряет температуру первокласснику перед уроком  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Жазылу
Министр педагог жұмысқа конкурс арқылы қабылданатынын атап өтті. Ол толығымен электрондық форматта жүреді

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұратындар кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Енді 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұру үшін үміткерлер кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Яғни дипломға қоса тиісті квалификация алу міндеті енгізіледі", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында. 

Сондай-ақ, ол педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданатынын атап өтті. Ол толығымен электрондық форматта жүреді. 

Бұдан бөлек, айтуынша, кадрлар дайындау деңгейін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарына қабылдау талаптары күшейтілді. Педагогикалық мамандыққа мықты түлектерді ғана қабылдау үшін ҰБТ-ның шекті балы 50-ден 75 баллға дейін көтерілді. Ал осы мамандыққа түсуді ынталандыру үшін болашақ педагогтарға төленетін стипендия 42 мың теңгеге дейін артты.

Жаңалықтар
0