АЛМАТЫ, 5 сәуір – Sputnik. Қазақстанда доллар қымбаттады. Қазақстан қор биржасында таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамы 0,35 теңгеге өсіп, 427,19 теңгеге жетті.
KASE сауда-саттық жүйесінде жарияланған алғашқы теориялық баға 427,43 теңге мөлшерінде белгіленді, деп хабарланған Қазақстан қор биржасының сайтында.
Кurs.kz сайтының мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде долларды 427-429 теңгеге сатып алуға болады, ал қабылдау бағасы - 426-427 теңге.
Алматының айырбас орындарында бір доллар 426-427 теңге тұрады, сату бағасы - 427-429 теңге.
Оқи отырыңыз: Алдағы үш жылда теңге бағамы қандай болады – ЕАДБ сарапшылары болжам жасады
Шымкенттің айырбас орындарында бір доллар 428 теңгеден сатылып, 426 теңгеден қабылданып жатыр.
Айта кетейік, наурыздың соңында Қазақстанда доллар бағамы 423 теңгені құрады.