Экономика

Алдағы үш жылда теңге бағамы қандай болады – ЕАДБ сарапшылары болжам жасады

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге купюры, банкноты
Деньги, тенге купюры, банкноты - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2021
Жазылу
Еуразия даму банкінің сарапшылары 2021-2023 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық валютасының бағамы қалай өгеретінін болжады

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Бүгін Еуразия даму банкі ЕАДБ-ға қатысушы мемлекеттер экономикасының 2021 жылғы өсіміне арналған баяндамасын таныстырады.

Теңге бағамы

Баяндамаға сәйкес, ЕАДБ-ға қатысушы мемлекеттер валюталарының долларға қатысты бағамы 2021 жылы тұрақталады. Биыл теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы бір доллар үшін 421,6 теңге көлемінде болады. Сондай-ақ 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 424,8 теңге, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 430 теңге шегінде болады деген болжам бар.

Айта кету керек, Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес, 31 наурызда доллардың ресми бағамы бір доллар үшін 424,34 теңгені құрап отыр.

ЖІӨ қалай өзгереді

ЕАДБ аналитиктері ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл ЕАДБ-ға қатысушы мемлекеттердің экономикасы қарқынды түрде қалыпқа келетін жыл болады. Әлеуметтік оқшаулау шараларын жеңілдету және сыртқы жағдайларды жақсарту тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың күшеюі кезінде шешуші факторға айналады.

"Осы жылдың қорытындысы бойынша Қазақсан экономикасы 4%-ке өсіп, 2021 жылдың аяғы мен 2022 жылдың басына қарай дағдарысқа дейінгі деңгейге қол жеткізеді", - деп жазылған баяндамада.

Болжамға сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ЖІӨ өсімі 4,5%-ті құрап, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 5,1%-ке артады.

Сарапшылар түрлі сын-тәуекелдер туындаған жағдайда да 2021 жылы ЕАДБ-ға қатысушы елдердің экономикасы дамуын тоқтатпайды, тек қарқыны біршама бәсеңдейді деп болжады.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин үкімет 2021 жылы атқаратын жұмыстардың басты мақсаты Қазақстан экономикасының өсімін 3%-ке жеткізуді көздейтінін мәлімдеді. Осы жылдың қаңтарында ЖІӨ өсімінің қарқыны минус 4,5%-ті құрап, қаңтар-ақпан айларында минус 2,9%-ке жетті.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 2,6%-ке төмендеген. Салыстыру үшін айтсақ, 2019 жылы Қазақстан ЖІӨ 4,5%-ке өсті.

ЕАДБ – бұл ұйымға мүше мемлекеттердің экономикалық өсуіне, олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың кеңеюіне және Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестердің дамуына ықпал етуге арналған халықаралық қаржы ұйымы. Қазақстан, Ресей, Армения, Тәжікстан, Беларусь және Қырғызстан – ЕАДБ-ға мүше мемлекеттер.

Жаңалықтар
0