Қоғам

Басшы кабинетіндегі аң-құстың терісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

© Pixabay / skeezeҚар барысы
Қар барысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Жазылу
Басы дауға қалған басшы бастапқыда терілерді "таныстарым сыйлады" деп, жауаптан жалтарып, тіпті "жасанды" деп мәлімдеген

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Қазақтың спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Зәкірянов жойылып кетудің алдында тұрған аңдардың терісін кабинетіндегі жиһазға жайып тастаған суреттен кейін қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Ректордың коллекциясына қатысты төрт айлық тексерістен кейін полиция қылмыстық іс қозғады.

"Аталмыш қылмыстық іс қазір Алмалы аудандық полиция басқармасында тергелуде. Тиісті тергеу амалдары мен сараптамалар жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу реті және басқа да мән-жайлар жария етілмейді", – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Білдей спорт және туризм академиясының президентіне қатысты жанжал қаңтарда шыққан. Белгілі спортшы Жанқош Тұраров Қайрат Зәкіряновпен бірге түскен суретін әлеуметтік желіге жүктеп, байқамай басшының бағалы коллекциясын бүкіл елге жария қылған.

Ал басшының терілерді сонау Африкадан атып әкелгені белгілі болды. Зебра, кенгуру, аю, антилопа, тіпті керіктің терісін аяқ астына кілем етіп төсейді екен.

Тергеушілердің сұрағы қар барысы мен түркістандық сілеусіннің терілері және қабырғадағы аққуларға қатысты болған. Суретте көрініп тұрғандай, академия президенті Қызыл кітапқа енген жануарлардың бірін жиһаз, енді бірін төсеніш ретінде қолданған.

Басы дауға қалған басшы бастапқыда терілерді "таныстарым сыйлады" деп, жауаптан жалтарған. Тіпті, "жасанды" деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: Бұл барыстың муляжы – туризм академиясының президенті даулы фотоға түсініктеме берді

Алайда, полицияның қылмыстық іс қозғауына қарағанда терілер жасанды емес. Ал оқу орнының басшысы терілерге қатысты қандайда бір сұхбат беруден бас тартты.

"Бұл жағдай бойынша түсініктеме беруден бас тартамыз. Бұған дейін айтқанымыздай, қар барысының терісі академия басшысына сыйға тарылған. Қазақ туризм және спорт академиясының президенті өзі қалаған кезде мәселенің мән-жайын түсіндіріп сұхбат береді", – академия президентінің баспасөз хатшысы Әлия Бейсебаева.

Жаңалықтар
0