Қоғам

Коронавирусқа қарсы QazCovid-In вакцинасын сынақтан өткізу шілдеде аяқталады

© REUTERS / BERNADETT SZABOСотрудник лаборатории проводит исследования для создания вакцины от коронавируса
Сотрудник лаборатории проводит исследования для создания вакцины от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2021
Жазылу
Қазақстандық вакцинаны 2021 жылдың сәуірінен бастап салдыруға болады. Осы уақытта клиникалық зерттеулердің үшінші фазасы 50%-ке аяқталады

АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Коронавирусқа қарсы QazCovid-In вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің үшінші кезеңі 9 шілдеде аяқталады, деп мәлімдеді биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария.

"Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі аяқталатын нақты күн – 2021 жылдың 9 шілдесі. Осыдан кейін 3 мың еріктіден алынған деректерді өңдеу бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр, ол шамамен 20 күнге созылады. Осыдан кейін біздің есеп толық көлемде белгілі бір ережелер мен нормаларға сәйкес Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылады", - деді Закария.

"Қазақстандық вакцина салдырдым": профессор екпеге неге бірден келісті

Сонымен қатар ол вакцина 2021 жылдың сәуірінің соңында қолданыла бастайтынын айтты.

"Вакцинаны клиникалық зерттеулердің үшінші фазасының 50% өткеннен кейін пайдалануға болады. ( ... ) Қазақстандықтар QazCovid-In вакцинасын сәуірдің соңында алады. Жаппай вакцинация басталады", - деді институт басшысы.

Жаңалықтар
0