Оқиға

Бірнеше рет айналып асфальтқа құлады: Алматыда сұмдық жол апаты видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем мен полиция көлігі, иллюстративті фото
Жедел жәрдем мен полиция көлігі, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2021
Жазылу
Алматы полициясы курьермен мопедпен жолаушы болып бара жатып, жол апатына түскен жас жігіттің өліміне қатысты тергеу бастады

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Алматы полициясы қала орталығында мопед пен шетелдік көліктің соқтығысуына қатысты тергеуді бастады. Ал жол апатынан мопедпен келе жатқан жолаушы көз жұмды.

Жол апаты 28 наурызда Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылының қиылысында болған.

"Мопед жүргізушісі қызыл шамға қарамай, Абай даңғылымен жоғары жылдамдықпен Байтұрсынов көшесін қиып өтуге тырысқан. Салдарынан өз жолымен келе жатқан Toyota RAV4 көлігімен соқтығысты", – деп хабарлады полиция департаменті.

Желіде жол апатына куә болған өзге көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған видеосы пайда болды.

Кадрда мопедтің жоғары жылдамдықпен келіп, көлікке соғылғаны және адамның бірнеше рет айналып асфальт үстіне құлаған сәті анық көрінеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Оқиғадан зардап шеккен адамдар жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. Алайда, кейінірек мопед жолаушысының қайтыс болғаны анықталды.

"Иә, жас жігіт ауруханада қайтыс болды. Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр", – деп хабарлады полиция департаментінің өкілдері.

Оқи отырыңыз: Жол апаты кезінде терезеден ұшып кеткен баланы куәгер құтқарып қалды – видео

Полицейлер аталған фактіге байланысты жүргізілетін тергеу аясында бірнеше сараптама тағайындалғанын атап өтті.

Жаңалықтар
0