15:11 07 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD419.66
  • EUR500.44
  • RUB5.62
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
8142 0 0

Тасжолға құлаған бала орнынан тұрып, басқа көліктердің жолына қарай жүгірген. Оны оқиға болған жерге тоқтаған басқа жүргізуші ұстап үлгерді

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Ресейде екі көліктің соқтығысына куә болған жүргізуші фургонның терезесінен тасжолға құлап түскен кішкентай баланы санаулы секундта көтеріп алып кетті.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жол апаты 4 маусымда Хабаровск қаласында болған.

Кадрдан Toyota Hiace көлігінің жүргізушісі қиылысқа жақындап келіп, қарсы бағытқа бұрылмақшы болғаны көрінеді. Ер адам қиылыстың орта тұсына жетпей, рұқсат етілмеген жерден маневр жасап, жол ережесін бұзған. Осы кезде басқа бір шетелдік көлік фургонның бүйірінен соғады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от РИА Новости (@ria_novosti)

Төрт жасар бала соққыдан жолға ұшып түскен, ал әкесі есінен танып қалып, Toyota Hiace бір орынды айналып жүре бастайды. Баланы құдай сақтап, жарақат алмаған, бірақ ол қатты қорқып кетіп, әкесінің көлігінің артынан жүгіреді, оны көлік қағып кетуі мүмкін еді.

Дәл осы сәтте апат куәгері көмекке келеді: ер адам баланы көтеріп алып, көлігіне отырғызған.

Оқи отырыңыз: Жітіқарада студент терезеден құлаған баланы қағып алды  

Жергілікті құқық қорғаушылардың мәліметінше, екінші көлікті жүргізген әйел мас болған, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, ол да жол ережесін бұзған.

Toyota Hiace жүргізушісі басынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Балаға ауруханаға барудың қажеті болмады.  

Тақырып бойынша

Қазақстанға қыдырып келген бала өлім аузынан қалды
Мас жігіт терезеден тастап жіберген 3 айлық баланы куәгер қағып алды  
Семейде 2-сынып оқушысы сәбиді ажал аузынан құтқарып қалды
Солтүстік Қазақстан облысында шекарашы ана мен баланы құтқарды
Ер адам пойыздың алдына құлап түскен баланы денесімен жапты – видео
Кілт сөздер:
видео, жол апаты
Загрузка...

Басты тақырып