Әлем

АҚШ Ресей мұнайын көптеп сатып алып жатыр

© REUTERS / Dado RuvicЦены на нефть, иллюстративное фото
Цены на нефть, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2021
Жазылу
Ресейлік мұнайға деген тәуелділіктің артуы Американың энергетикалық саясатына қарама-қайшы келіп тұр

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Мәскеумен қарым-қатынасы нашарлап, "Солтүстік ағын – 2" жобасына байланысты Еуроодаққа қысым жасап жатқанына қарамастан, оған қоса жаңа санкциялар енгізу қатері төніп тұрса да америкалықтар ресейлік мұнайды сатып алуды үдетіп жатыр. Елдің сыртқы саясаты Ресейден шикізат сатып алуға кедергі болмай отыр, деп жазды РИА Новости.

Өткен жылы АҚШ-та ресейлік мұнай мен мұнай өнімдерінің импорты 3,5 процентке өсіп, тоғыз жылдағы жоғарғы көрсеткішке жетті, деп хабарлады АҚШ энергетика министрлігінің (ЕІА) энергетикалық ақпарат басқармасы. Ресей нарықтағы тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін экспортты күрт төмендеткен Сауд Арабиясын ысырып, шикізат жеткізушілер арасында екінші орынға көтерілді.

2020 жылы америкалықтар Ресейден күніне орта есеппен 538 мың баррель, ал Сауд Арабиясынан 522 мың баррель мұнай алып отырды. Сәйкесінше 55 және 50 миллион баррель сатып алған Valero және Exxon ірі сатып алушылар қатарында болды. Ресейлік импорттың жартысына жуығын осы екі компания сатып алған.

Добыча нефти, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2021
Әлем
Қытай ғалымы мұнай қанша жылдан кейін таусылатынын болжады
Венесуэладағы шикізаттан айырылған америкалықтар Ресейдегі мұнай өңдеуші зауыттарға ұсыныс жасауға мәжбүр болды. Айта кету керек, 2019 жылы Дональд Трамптың ықпалымен Petroleos de Venezuela S. A. компаниясына қатысты санкциялар енгізілгеннен кейін жеткізулер тізбегі бұзылды.

Мексика бұғазы мен Шығыс жағалаудағы зауыттар қиын жағдайға тап болды. Олардың  қатарында Citgo Petroleum, Valero Energy, Chevron бар. Америкалықтар Ресейден шикі мұнай емес, негізінен бензин өндірісі үшін қажетті мазутты сатып алып отыр.

"Венесуэлалық мұнайдан қол үзген және ОПЕК-тегі дәстүрлі жабдықтаушылардағы шикізаттың қымбаттауына тап болған АҚШ ресейлік мазуттың негізгі тұтынушысы атанды", - деп атап өтті Оксфорд энергетикалық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Ади Имсирович.

ОПЕК өндірісінің қысқаруы жағдайды ушықтырып жіберді. Сауд Арабиясынан жеткізілімдер қазір 1985 жылдан бері төмен көлемде орындалып жатыр. Аналитиктердің айтуынша, сондықтан Ресейден жеткізілетін мазут қана америкалық мұнай өңдеуші зауыттардың қалыпты режимде жұмысты жалғастыруына мүмкіндік берген.

Пандемия салдарынан тақтатас саласының құлдырауы да әсер етпей қоймады. Тәулігіне 13 миллион баррель өндірген АҚШ қазір 11 миллион баррельмен шектелуге мәжбүр.

Энергия тасымалдағыштарға деген сұраныс төмендеп, мұнай бағасы құлдырады. Газ және бұрғылау қондырғыларының саны үнемі қысқарып, компаниялар жұмысын тоқтатты. Тақтатас өндіретін жүз елу мекеме банкротқа ұшырады.

Біріншіден, бұл коронавирус пайда болғанға дейін де проблемалары болған мекемелер: инвестициялардың жетіспеушілігі салдарынан компаниялар белшесінен қарызға батты. 2018 жылдан бастап Уолл Стрит тақтатас өндіретін компанияларға деген қызығушылықты бәсеңдетті. Олар бұл салада ешқандай пайда жоқ және өте көп жобаны тиімсіз деп есептеді.

Добыча нефти  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Экономика
Биыл Қазақстан 86 миллион тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр
Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) бағалауы бойынша, 2020 жылы инвестициялар екі есеге – 45 миллиард долларға дейін азайған.

ЕІА тақтатасты мұнай өндірісі наурызда тәулігіне 7,5 миллион баррельге дейін төмендейді деп болжам жасап отыр. Мұнайлы жеті ауданның алтауында – Анадарко, Баккен, Найобрара, Игл-Форд, Берман, Гейнсвилл, Аппалачиде жағымсыз жағдай қалыптасып отыр.

Fitch болжамы бойынша тақтатас саласы кемінде екі-үш жылдан кейін ғана дағдарысқа дейінгі көрсеткішке қайта орала алады.

Bloomberg атап өткендей, осылайша АҚШ екіұдай жағдайға тап болды. Ресейлік мұнайға деген тәуелділіктің артуы оның энергетикалық бағытына қарама-қайшы келіп тұр. Бір жағынан Вашингтон "Солтүстік ағын – 2" жобасынан бас тартуы үшін Еуропаға қысым жасап жатыр. Ал екінші жағынан америкалық мұнай өңдеуші зауыттар Ресейден бұрын-соңды болмаған өте көп көлемде шикізат сатып алып отыр.

"Ал Трамп болса "Америка энергетикалық ұлы державаға айналды және ол ешқашан "жаулас" шетелдік жабдықтаушыларға тәуелді болмайды" деп жарияға жар салып еді", - деп жазды осы жөнінде Хбюстондағы Райс университетінің Бейкер институтындағы мұнай сарапшысы Марк Финли.

Осы жағдайға байланысты Вашингтонның ләм-мим деп жақ ашпауы тіпті қызық. Алайда АҚШ импортының күн санап өсуі Американың экс-президенті Дональд Трамптың энергетикалық тәуелсіздік жайлы болжамы орындалмағанын көрсетіп тұр.

Жаңалықтар
0