Әлем

Ресей президентінің баспасөз хатшысы АҚШ-пен қарым-қатынас туралы сұқбат берді

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуВиды Москвы
Виды Москвы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2021
Жазылу
Байденнің БАҚ-тағы мәлімдемесінен кейін жаңа шиеленіс басталып, Мәскеу Вашингтондағы Ресей елшісі Анатолий Антоновты консультациялар үшін шақырып алған болатын

АҚШ Ресейге қатысты өктемдік таныта алмайды, деп мәлімдеді Кремль. Бұл жөнінде РИА Новости хабарлады.

"Путин де, Ресей билігіндегілер де америкалықтар болсын, басқа болсын, өктем сөйлеуіне жол бермейді. Бұл мүмкін емес", - деді "Аргументы и факты" басылымына берген сұқбатында Вашингтонмен дипломатиялық қарым-қатынасты үзуге қатысты пікір білдірген Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Ол арадағы кикілжіңге қарамастан, Мәскеу АҚШ-пен диалогты бұзбауға тырысатынын атап өтті. Песков жақында ғана шу болған америкалық көшбасшы Джо Байденнің пікіріне қатысты Владимир Путиннің көзқарасын мысал етті. Байден 17 наурызда ABC News арнасына берген сұқбаты кезінде Путин "сайлау процесіне қатысқаны үшін жауап беретінін" мәлімдеп, оны астыртын мағынада "кісі өлтіруші" деп атады.

Города мира. Вашингтон - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2021
Әлем
Байден сұқбаты төңірегіндегі пікірталас бәсеңдер емес

Путин АҚШ президентіне денсаулық тілей отырып, "басқа адамдарға баға беру – айнаға қарап, өзіңді көрумен тең" деген пікір білдірді. Сонымен қатар Ресей президенті Байденге пікірталасты тікелей эфирде жалғастыру туралы ұсыныс жасап, бетпе-бет әңгімелесуді кейінге қалдыра берудің жөні жоқ екенін ескертті. 

"Путин америкалықтар тарапынан жауапсыз қалған әңгімені жалғастыруды меңзеп тұр. Қазір онсыз да шиеленісіп тұрған қарым-қатынастың одан бетер құрдымға кетуіне жол бермеу маңызды. Сол себепті арадағы тікелей әңгімелесуді қайта жандандыру қажет", - деп санайды Кремль өкілі.

Песков қос мемлекет арасындағы қазіргі жағдайдағі кикілжіңді ескере отырып, президенттер не жайлы және қандай қарқында әңгімелесетінін бақылау қызықты болатынын айтты.

"Екінші тарап үшін ешқашан шешім қабылдауға болмайды", - деп қорытты ол.

Ресей-Америка қарым-қатынасы көп уақыттан бері шиеленістен көз ашпай келеді. 2014 жылы екі ел арасындағы байланыс Украинадағы төңкеріс және Қырымды қайтарғаннан кейін нашарлай түсті. 2016 жылы АҚШ-тағы президент сайлауынан кейін Вашингтон Мәскеуді дауыс беруге араласты деп айыптады. Ресей барлық айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарды. Бірақ америкалықтар Ресей азаматтарына, компанияларына және экономиканың барлық салаларына қатысты үнемі санкциялар жариялап келеді.

Байденнің БАҚ-тағы мәлімдемесінен кейін жаңа шиеленіс басталып, Мәскеу Вашингтондағы Ресей елшісі Анатолий Антоновты консультациялар үшін шақырып алды.

Жаңалықтар
0