Өңірлер

Коронавирустың "алматылық штаммы" табылғаны рас па

© AFP 2024 / KENZO TRIBOUILLARDПробирки с образцами для анализа на коронавирус в лаборатории
Пробирки с образцами для анализа на коронавирус в лаборатории  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2021
Жазылу
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, "алматылық штамға" қатысты ресми мәлімет жоқ, сондықтан желіде тараған ақпаратты міндетті түрде тексеру керек

АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде коронавирустың "алматылық штаммы" анықталғаны туралы ақпарат тарады. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның сөзінше, "алматылық штамм" туралы ресми ақпарат жоқ.

"Әзірге мұндай ресми ақпарат жоқ. Британиялық және оңтүстікафрикалық штамға қатысты зертханадан ресми жауап алдық. Ал "алматылық штамға" қатысты ресми мәлімет жоқ. БАҚ-та әртүрлі жазылады. Оны тексеріп алу қажет. Ресми орган болғандықтан, біз тек ресми ақпаратқа сүйенеміз", - деді Жандарбек Бекшин.

Оқи отырыңыз: Жандарбек Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайға баға берді 

Айта кетейік, бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Алматыда мутацияланған британиялық штамм мен оңтүстікафрикалық штамм табылғанын айтты. Соған байланысты науқастар саны артқан.

Жаңалықтар
0